КЕҢЕС ӨКІМЕТІНІҢ ШАРУАЛАРҒА ҚАТЫСТЫ РЕПРЕССИЯЛЫҚ САЯСАТЫ

Authors

Keywords:

шаруалар, кеңес өкіметі, ұжымдастыру, астық тапсыру науқаны, саяси қуғын-сүргін құрбандары, үкім, халық наразылықтары

Abstract

1928-1932 жылдары күштеп ұжымдастыру саясаты кезеңінде кеңес өкіметі қазақ ауылдарын, малшы шаруаларды қыспаққа алып, оларды саяси қудалауға ұшыратты. Мақалада кеңес өкіметінің Батыс Қазақстан облысындағы шаруаларға қатысты репрессиялық саясаты жан - жақты қарастырылады. 1929 жылы Орал округінде астық дайындау науқаны кезеңінде шаруалар кеңес өкіметінің саясатына қарсылық білдірген. Зерттеу жұмыстарының барысында Жымпиты, Зауральный, Камен аудандарында ұжымдастыру саясатына қарсы халық наразылықтарының болғандығын дәлелдейтін архив құжаттары табылып отыр. Мақалада автор сол кезеңдегі Орал округінің Жымпиты, Зауральный, Камен аудандарындағы кеңес билігіне қарсы баскөтерулердің себеп- салдарына, оқиғалардың жүру барысына, қатынасушылардың әлеуметтік құрамына ғылыми тұрғыдан тарихи талдау жасайды. Бұл аталған аудандардағы о қиғаларға қатынасушы азаматтардың есімдері толық анықталып, оларға тағылған айыптар, қабылданған үкімдер алғаш рет архив құжаттары негізінде жарияланып отыр. Қазақстан Республикасының саяси қуғын -сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік саясатының арқасында х алық қаһармандарының есімдерін барша қоғам білуі тиіс және олардың азаттық жолындағы ерліктері жас ұрпақ қа дәріптелуі қажет. Зерттеу қорытындысына сәйкес автор к еңес өкіметінің 31 шаруаларға қатысты репрессиялық саясаты жөнінде ой -тұжырымдар жасаған.

Downloads

Published

2024-01-01

How to Cite

КЕҢЕС ӨКІМЕТІНІҢ ШАРУАЛАРҒА ҚАТЫСТЫ РЕПРЕССИЯЛЫҚ САЯСАТЫ. (2024). National Memory, 7(1). https://www.ult-zhady.kz/index.php/journal/article/view/297

Similar Articles

1-10 of 139

You may also start an advanced similarity search for this article.