КСРО-НЫҢ ШАРУАЛАРҒА ҚАРСЫ РЕПРЕССИЯЛЫҚ САЯСАТЫ: АҚТАУДЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ НЕГІЗДЕРІ МЕН МӘСЕЛЕЛЕРІ
Кілт сөздер:
саяси қуғын -сүргін, ұжымдастыру, тәркілеу, астық дайындау, ет дайындау, қуғын-сүргінАңдатпа
ХХ ғасырдың отызыншы жылдарындағы Кеңес үкіметінің қуғын-сүргін саясаты , жаппай саяси қуғын -сүргін құрбандарын ақтау саяси мәселесін шешуге сәйкес , ғылыми зерттеудің өзекті мәселесі болып табылады. Кеңестер елі тарихындағы бұл зұлмат кезең КСРО -ны мекендеген халықтардың, оның ішінде Қазақстанда тұратын халықтардың тағдырында өшпес із қалдырды. Осыған байланысты , мақалада мәселені жан -жақты зерттеудің әдіснамалық негіздеріне назар аударылады. Зерттеудің тарихнамасында өткен ғасырдың отызыншы жылдарының басынан бастап шетелдік және 34 отандық авторлардың еңбектерінің жеткілікті түрде тиянақты тізбесі қамтылуы бұл мәселені шешуді жеңілдетеді. Кеңес қоғамының әртүрлі қабаттары мен категорияларына әсер еткен қуғын-сүргін саясаты әсіресе шаруаларға қатысты қанды сипатқа ие болды. Жаппай күштеп ұжымдастыру, ауылшаруашылық өнімдерін дайындау, салық жинау, мемлекет кірісіне нег ізсіз біржолғы төлем жасау науқандары мүлікті тәркілеумен, өлім жазасына кесумен, елдің адам тұрмайтын аймақтарына жер аударумен қатар жүрді. Қуғын-сүргін әрекеттері большевиктер партиясының бастамасымен және оның тікелей қатысуымен мемлекеттік органдарды тарта отырып жүргізілді. Партиялық ұстаныммен келіспегендерге сот және соттан тыс қуғын-сүргін қолданылды.Жүктеулер
Жарияланды
2024-01-01
Журналдың саны
Бөлім
Мақалалар
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
КСРО-НЫҢ ШАРУАЛАРҒА ҚАРСЫ РЕПРЕССИЯЛЫҚ САЯСАТЫ: АҚТАУДЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ НЕГІЗДЕРІ МЕН МӘСЕЛЕЛЕРІ. (2024). Ұлт жады, 9(3). https://www.ult-zhady.kz/index.php/journal/article/view/315