ТАУЛЫ АЛТАЙДАҒЫ САЯСИ ҚУҒЫН СҮРГІН (19201950 ЖЖ.): КЕЙБІР ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ МЕН АҚТАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Кілт сөздер:
Қазақстан, Таулы Алтай, Алтай Республикасы, қазақтар, қашу, босқындар, саяси қуғын-сүргін, істің бұрмалануы, ақтауАңдатпа
Алдыңғы зерттеушілердің жұмысы мен ҚР Орталық мемлекеттік архиві, Новосібір облысының мемлекеттік архиві және Ресей Федерациясы Федералдық қауіпсіздік қызметінің Алтай Республикасы бойынша басқармасының қазіргі уақытта Алтай Республикасының Мемлекеттік архивінде шоғырланған құжаттар негізінде ХХ ғ. 1920–1950 жылдардағы РКФСР Ойрот автономиялық облысындағы (қазіргі РФ Алтай Республикасы) саяси қуғын-сүргінді, оның ішінде қазақтарға қатысты зерттеудің және ақтауды жүргізудің кейбір қорытындылары жасалды. Әкімшілік сипаттағы қуғын-сүргіндерді есепке алмағанда толық емес мәліметтер бойынша 1920–1949 жылдары Ойротияда 569 қазақ қуғын-сүргінге ұшыраған. Автономиялық облыстағы халық саны жағынан қазақтар үшінші орын- да болды, Қазақстан, Моңғолия және Қытай қазақтарымен туыстық және басқа да байланысып тұрды. Шекаралық аймақтағы жергілікті халықтың тағдырында сыртқы саяси фактордың, көші-қонның маңызы аз болған жоқ, оның ішінде Ре - сей мен Қазақстаннан Кеңес Одағы шегінен тыс жерлерге шаруашылық-саяси науқандардың және жазалаушы органдардың қуғын-сүргінінің салдарынан мәж- бүрлі түрде қашуда бар. Қазақстан Республикасында саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі Мемлекеттік комиссияның құрылуы ХХ ғасырдың 20-30 жылдарын дағы КСРО-дағы саяси қуғын-сүргін контексінде «босқындар мәселесін» алғаш рет көтеруге мүмкіндік берді және қуғын-сүргін құрбандары мен зардап шеккендерді толық (саяси, заңдық) ақтаудың орынды екенін көрсетті. Күрделі мәселені зертте- уде жаңа ұстанымдар қалыптасуда.Жүктеулер
Жарияланды
2022-01-01
Журналдың саны
Бөлім
Мақалалар
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
ТАУЛЫ АЛТАЙДАҒЫ САЯСИ ҚУҒЫН СҮРГІН (19201950 ЖЖ.): КЕЙБІР ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ МЕН АҚТАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ. (2022). Ұлт жады, 1(1). https://www.ult-zhady.kz/index.php/journal/article/view/210