PREREQUISITES FOR THE LIQUIDATION OF THE KAZAKH BAYSTVO AS A CLASS, ON THE EXAMPLE OF THE ATYRAU DISTRICT

Authors

  • Ш. Нағымұлы Author
  • Г. Шұғайыпова Author
  • Г. Жамбауылова Author

Keywords:

ірі байларды тәркілеу, кіші октябрь, рулық қатынастар, таптық жіктелу, зиянды элемент, бұрынғы болыс, бұрынғы старшын

Abstract

Мақалада Қазақстанда ірі байларды тап ретінде жою мен тәркілеу шараларының себептері мен салдары Атырау өлкесінің мысалында архивтік материалдар арқылы көрсетілген. Қазақ қоғамындағы байлардың прогрессивтік ролі жоққа шығарылып, олардың бүкіл мал мүлкін тартып алу шараларының басында 1925 жылдан бастап Бүкілресейлік большевиктерд ің Коммунистік партиясының Қазақ өлкелік комитетінің хатшысы болып тағайындалған Ф. Голощекиннің болғандығы мақалада баяндалған. Қазақ байларына деген теріс көзқарас 1926 жылы 30 сәуірде Қызылорда қаласында өткен Бүкілресейлік большевиктерді ң Коммунистік партиясының Қазақ өлкелік комитетінің 2 -ші Пленумында айқын көрініс тапқан. Осы пленумда алғаш рет Голщекин қазақ ауылында октябрьдің болмағанын, сондықтан ол шараны қолға алудың қажеттігін айтқан болатын. Пленумда сөйлеген басшылардың С.Сад уақасовтан басқасы Ф. Голощекинді қолдап, ауылдағы байларды және рулық қатынастарды жоюға шақырды. 12 Көп ұзамай, 1928 жылы басталған қазақтың байларын тәркілеу, малдарын тартып алу және күштеп ұжымдастыру мен отырықшыландыру кесірінен қазақ халқы орны толмас қасіретке ұшырағаны Атырау өлкесінің мысалында баяндалған. Мақалада, сонымен қатар қазақ байларының 1921 - 1922 жылдарғы ашаршылыққа ұшыраған халыққа көмегі туралы мәліметтер келтірілген.

Downloads

Published

2025-01-01

How to Cite

PREREQUISITES FOR THE LIQUIDATION OF THE KAZAKH BAYSTVO AS A CLASS, ON THE EXAMPLE OF THE ATYRAU DISTRICT. (2025). National Memory, 11(1). https://www.ult-zhady.kz/index.php/journal/article/view/335

Similar Articles

1-10 of 68

You may also start an advanced similarity search for this article.