ABOUT THE BUKHARA EDUCATED REPRESENTATIVE OF TRADITIONAL RELIGION MULLA, LEADER OF THE MANGYSTAU UPRISING, M.M. AKMYRZAEV
Keywords:
Шығыс Қазақстан облысы, қуғын -сүргін, түзеу -еңбек лагерлері, ГУЛАГAbstract
: The purpose of the article is to reveal the main shortcomings of the full justification of victims of political repression in Kazakhstan in 1929 -1950 using the example of the famous religious figu re Usenov Zhumabai (Dzhumabai), Zhumatai. 10 The conclusions of the review of the multi -volume archival criminal case No. 672 are based on acquittal decisions of 1991, 1993 in the language of repression (Russian). Investigation and punishment on the basis of Articles 58 -2, 59 -3 of the Criminal Code of the RSFSR. are illegal. The work of the commission did not completely decipher the ancient Arabic writing used by the residents of Adaevsky district. Copies of these primary investigative protocols have not been translftion or summarized. The names and surnames of the repressed are given in Russian, distorting the essence of the names in several versions. With the complete acquittal of the repressed, the publication of lists of confiscated property and livestock , and the issue of compensation to their descendants, who are already the fourth generation of those punished, were not considered at all. Key words: Fundamentals of education in the Kokiltash madrasah (Bukhara). Ancient Arabic graphics. Modifications of onyms in Russian graphics. Confiscation lists. Issues of reparation to the descendants of the repressed. КІРІСПЕ: Маңғыстау облыстық мемлекеттік архивіндегі, Алматыдағы Президенттік архивке жинақталған көп томдық №672 архивтік қылмыстық істен, архивтік анықтама ретінде бөлініп алынған екі қылмыстық іс бар. Біріншісі: «1991 жылғы, тұрақты сақталатын №546 (3) қ орда, № 1 тізімдеме, №12 іс. Бұл істе №672 АҚІ 36 томының 25 -30 беттері деген сілтеме берілген. Ол бойынша «Тегі, аты – Усенов Джумабай; Туған датасы, жылы – 1891 жыл; Туған жері – Гурьев облысы, Маңғыстау ауданының №9 ауылы; партиялылығы - партияда жоқ; Тұтқынға алынғанға дейінгі жұмыс орны мен лауазымы – молла; Туысқандары туралы деректер - Отбасылы. Тұтқындалу мерзімі, қойылған айып, қашан, іс бойынша қандай соттан тыс органымен шешім шығарылды. «Усенов 1931 жылдың 14 қазанында, Қазақстандағы ПП ОГПУ же дел секторымен тұтқындалды. Оған айыптау «Ол бандиттік хан, бандиттік қозғалыстың ұйымдастырушысы және рухтандырушысы болған; бандының барша ұйымдастыру, шабуылға шығу шапқыншылық жасау, талау-тонау іс -әрекеттерінің мәселелерін шешіп отырған; Оның басшылығымен 700-800 адамнан құралған банда Форт -Александровскіге шабуыл жасады; Оның жетекшілігімен барлық дайындау пункттерін, кәсіпшіліктерді, колхозшылар мен тұрғындарды тонау, яғни РСФСР Қылмыстық Кодексінің 58 -2, 59 -3 баптары қарастырған қылмыстар іске асырылды. Қазақстандағы ПП ОГПУ колегиясының әскери соты осы негізде 1932 жылдың 5 сәуірінде атылды» делінген. Біздің зеуірттеуіміздің әдістемелік негізі және зерттеу қажеттігінің өзектілігі - осы қылмыстық іс контекстен жұлып алынған орыс тіліндегі анықтамалық шала материалдарды (барлығы 16 бет), Маңғыстауда 1928 11 жылы басталған ұлт-азаттық қозғалысы туралы ауызекі сақталған, жергілікті және республикалық баспасөзде жарияланған деректермен салыстыра отырып талдау болып табылады. НЕГІЗГІ БӨЛІМ: Жұмабай Үсе новті ақтау актілері екі бөліктен тұрады. А). «1931 -1932 ж.ж. қуғын -сүргінге ұшыратылып РСФСР қылмыстық кодексінің 58, 59 баптарымен Гурьев облысында сотталған, оның Маңғыстау ауданында туып - өскен Қазақ ССР азаматтарына қатысты «№ 672 қылмыстық іс материал дары бойынша Қазақ ССР Прокуратурасының Қорытындысы». Усенов Джумабай - 1989 жылғы 16 -ншы қаңтардағы КССРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының «1930-40 және 50 -нші жылдарда орын алған құғын -сүргін құрбандарына қатысты әділеттілікті қалпына келтірудің қосымша шар алары» Жарлығының 1 бабын қолдануға жатады. Бұл, айыптау баптарының тек қана бірі бойынша, яғни 58 -2 бап бойынша жасалған ақтау. Осы №672 архивтік қылмыстық іс құжаттары негізінде: «Алты адамға қатысты, оның ішінде Усенов Жұмабайды, Саркулов Лұқпанды, Дәул етов Сержанды, Қайлов немесе Қайдулов Істілеуді, Қылышов Елдеспайды және Батыров Қазиды ақтаудан бас тартып, РСФСР ҚК-нің 59-3 бабы бойынша қылмыстық құрамға жататын әрекеттері үшін қылмыстық жауапкершілік негізінде жазалауды күшінде қалдырды. Ә). №672 Архивтік қылмыстық істі қайта зерделеу қорытындысы: 1. Үсенов Джуматай, 1891 жылы туған, бұрынғы Гурьев облысы, қазіргі Маңғыстау облысының Маңғыстау ауданындағы №9 ауыл тумасы. 2. Сарқұлов Лұқпан, 1893 жылы туған, Маңғыстау ауданының №14 ауылы тумасы. 3. Дәулетов Сержан, 1885 жылы туған, Маңғыстау ауданының №11 ауылы тумасы. 4. Қайлов-Қайдаулов Истлеу, 1891 жылы туған, Гурьев облысы, Жылой ауданының ауданының №37 ауылы тумасы. 5. Қлышев Ельдеспай, 1898 жылы туған, Маңғыстау ауданының №2 ауылы тумасы. 6. Б атыров Қази, 1898 жылы туған, Түркмения Жанған аулсоветінің тумасы, барлық айыптау эпидзодтары бойынша, соның ішінде РСФСР ҚК 59- 3 бабы бойынша да қылмыстық құрамдардың болмауына сай ақталады. РСФСР ҚК -нің 59 -3 бабы бойынша ақтау құжатын, юстиция генерал - лейтенанты Ю.А. Хитрин, «7» сәуір 1993 ж. бекітеді.» Үсенұлы Жұмабайдың кәсіби білімі туралы: «Ержан (Ермұхамбет) Төлегенұлы ...Бұхарадағы діни медресеге оқуға кеткен. Сол сапарда оның қасында ұруы Төлеп Жұмабай, Тәстемір Нәрік болған» (Жарытегі. 2015: 20 9) Көкілташ (Көгілташ) медресесі – Бұхарада XVI ғасырда салынған тарихи архитектуралық ескерткіш, даңқты терең білім беру ордасы. Көлемі өте үлкен, екі қабатты, биік ғимарат. Медресенің ішкі алаңына бірнеше бөлмеден 12 өтіп кіреді. Әрбір бөлменің төбесі күмбезделіп көмкерілген. Барлығы 160-тан астам бөлме бар. (Досмұхамедов Х., 1991: 44-48) Жергілікті діни ұстаздар: «Айдар ишан, Оразмағамбет ахун, Әдіріс молда, Шайхы ахундардан білімін ұштаған Ержан хазірет Бұхарадағы Көкілташ медресесін 1924 жылы ұстаздық мам андығы бойынша үздік бітіреді. Осы жылдан бастап оның туған өлкедегі ағартушылық қызметі басталады» (Ержан ((Ермұхаммет) хазірет ТӨЛЕГЕНҰЛЫ. 2018:10). Маңғыстау энциклопедиясы: Ержан (Ермұхамбет) Төлегенұлы (1887, Бозашы түбегі, Керел елді мекені, - 1966, Шақпақ ата қорымы), әкесі Төлеген діндер, шағын дәулетті алдам болған. Ержан хазірет 1932, 1936 -37, 1942 жылдар аралығынында бірнеше рет түрмеге қамалады. Қанша қиыншылық көрсе де, өзінің ұстаған бағытынан танбайды. (Әленұлы Ш. Спан Ә. Ержан қазірет. Ақта у, 1998:.). 2018 ж. Қабиболла Сыдиықұлы жеке қорында сақталған Ержан Хазіреттің «Өсиетнамасы» және «Иманшарты» жарық көрді. Бастауыш білімді «әкесі Үсен қажыдан алған Жұмабай да, осы 1924 жылы, Көкілташ медресесін бітіріп келгеннен кейін №9 ауылдың ата кү лдігі Тамды бұлағының қасында қиған тастан 16 х 8 м., үш бөлмелі мешіт салып бала оқытқан Сауатты молда, Ер Төлеп батырдың шөбересі (Төлеп -Есенияз- Үсен-Жұмабай) ретінде әр ауылда көтеріліске шығу туралы шешім қабылдаған замандастарының арнайы шақыруы бойын ша Маңғыстаудың ғазауат күресіне жалпы басшылықты қолына алған. «Жұмабай мешіті» 1950 -ші жылдардың ортасына дейін, Чапаев атындағы колхоздың мал қорасы ретінде пайдаланылып, кейін қиратылған (Сурет. 1). Сурет. 1. Жұмабай молда мешіті қирандысы Маңқыстау аудандық аткомы Ократкоммен ОкрЖерСу бөлімі қатынасына сәйкес, қозғалыс топтарын бытырату үшін 1930 жылдың 22 ақпанында 1500 үйді Мұғаджарға көшіруге шешім қабылданды. Бұл қорқыту актілері өз дегеніне жеткен жоқ. Жер -жерде, Кеңес құжаттарында "банды" аталған азаттық күрескерлері Кеңес Үкіметіне қарсы көтерілді. Наурыздың аяғына қарай Таубенің (Мақашқаладан келген) отряды 13 «бандыны» қуғанымен, оны жоя алмады, іс жүзінде жеңіліске ұшырады. Осының әсерінен бандылық қозғалыс өрістеп, Жұмабай Үсенов хан сайланып, Фортқа шабуылды ұйымдастырды. Ашыққан, ашынған көтерілісшілер кооперация, кәсіпорындарды талқандауға кірісті. Жұмабай басшылығындағы топта болғандар туралы, «Маңғыстауда құрылған екінші топ. Шопан -Ата, Бесоқты құдықтарының маңын, Сеңгір құмның түстік бетін, Бостан құмының шығыс жағын қамтыды. Осы жерлерде көтерілісшілердің бөлек-бөлек топтары Каспий теңізінің шығыс жағалауына, Қарақия ойпатынан бастап, теңіз жағалауын тегістей, Александр -бай, Кендірлі шығанақтарының арасына дейін күн көріс қамын жасады. Бұл маңда Жұмабай Үсенұлы мен Қоңғабайдың басшылықтарымен бір мыңнан аса атты көтерілісшілер болған» дейді. (Сариев І. 2009:157). Көтерілісті жаншуға Кендірліде – 68 дивизион және 15 адам комотряд, Александр-байда - Семеновтың 20 адамдық комотряды, АзГПУ -дың 70 қылыш, 100 штыкты форт -Александровск отряды, Сам көлі мен Доңызтау тауында Погореловтың, Мостовойдың, Чапариннің, Криворучконың жергілікті комотрядтары, барлығы 75 адам жинақталды. Қаруы жеткілікті ком отрядтар көтерілісшілерді толық құрықтады. Соңғы шайқастардың бірінде «Хан Жұмабай Уйсеновтың (Үсеновтың) басшылығында болған, саны 400 адамға дейінгі Батыс тобы 40 -тан астам адамынан өлідей айырылып, «банды» толықтай жойылды, Жұмабай молла тұтқынға алынды» (Степная трагедия, 2010: 389). Жұмабайдан екі қыз қалып, олардан жиендер бар. Зерттеу нәтижелері, яғни құжаттарға негізделген қорытындылар: Алматыдағы Президенттік архивте сақтаулы көп томдық № 672 архивтік қылмыстық істің барлық материалдарын зерттеу, сараптау, жариялау арқылы ғана толықтырыла алады... ҰСЫНЫС: Негізінен 1928 жылы таратылған Адай уезі аймағындағы, яғни Батыс Қазақстанды толық қамтыған көтеріліс сарбаздары мен сардарлары туралы осы істің толық цифрлық нұсқасы Маңғыстау облыстық мемлекеттік архивіне алынса ғана, барша қанды қуғын-сүргінге ұшырағандар мен 3, 5, 10 жылға жер аударылғандар және мал-мүлкі тәркіленгендер тарихы ұрпақтарына қол жетімді бола алады. Осылай толық зерделенген, қазақ халқына жасалған геноцид тарихын жариялау ғана «Жаңа Қазақстанның» ғылыми негіздеу іргетасы бола алады. Осы сияқты, Патша және Кеңес үкіметі заманындағы барлық геноцид тарихы, оның ішінде жайылымды жойып, ұлттық мал шаруашылығын талқандаған «Тың игеру», құжаттары толық жариялануға тиісті! Өйткені, еліміздің осындай трагедияға толы тарихын жаңғы рту, тәуелсіз мемлекетіміздің жаңа буыны үшін өте маңызды. 14 ӘДЕБИЕТТЕР МЕН ДЕРЕККӨЗДЕРДІҢ ТІЗІМІ 1. Архивтік қылмыстық іс №672 және №3329 бойынша анықтамалық үзінділер. 2. Жарытегі Ж. Сегіз арыс Адайым. Танымдық шежіре кітап. 9 томдық (Толықтырылған төртінші басылым) Астана: Профи Медиа. 2015. – 496 бет. Сегізінші том. 3. Досмұхамедов Х., Аламан. Құрастырушылар, алғы сөзін және түсініктемелерін жазғандар – Ғарифолла Әнесов, Аманқос Мектептегі, Шәмшәдин Керімов.- Алматы: Ана тілі, 1991. 176 бет. Бұхарадағы Көгелташ медресесі //Бұхарадағы Көгілташ медресесінің салынуы туралы әпсана 44 -48 беттер. 4. Ержан ((Ермұхаммет) хазірет ТӨЛЕГЕНҰЛЫ ӨСИЕТНАМА (Ұрпаққа аманат)/ - Алматы, Нұрлы Әлем. 2018 ж. – 168 бет. 5. Сариев І. Қанды ойран: Тарихи очерктер. – Алматы. 2009. 208 бет. 6. СТЕПНАЯ ТРАГЕДИЯ: Адайское восстание 1929 -1931 гг. – Алматы: Издательство «Арыс», 2010. – 448 с. References 1. Arhivtık qylmystyq ıs №672 jäne №3329 boiynşa anyqtamalyq üzındıler. 2. Jarytegı J. Segız arys Adaiym. Tanymdyq şejıre kıtap. 9 tomdyq (Tolyqtyrylğan törtınşı basylym) Astana: Profi Media. 2015. – 496 bet. Segızınşı tom. 3. Dosmūhamedov H., Alaman. Qūrastyruşylar, alğy sözın jäne tüsınıktemelerın jazğandar – Ğarifolla Änesov, Amanqos Mekteptegı, Şämşädin Kerımov.- Almaty: Ana tılı, 1991. 176 bet. Būharadağy Kögeltaş medresesı //Būharadağy Kögıltaş medresesınıñ salynuy turaly äpsana 44-48 better. 4. Erjan ((Ermūhammet) hazıret TÖLEGENŪLY ÖSİETNAMA (Ūrpaqqa amanat)/ - Almaty, Nūrly Älem. 2018 j. – 168 bet. 5. Sariev I. Qandy oiran: Tarihi ocherkter. – Almaty. 2009. 208 bet. 6. STEPNAİA TRAGEDİA: Adaiskoe vosstanie 1929 -1931 gg. – Almaty: İzdatelstvo «Arys», 2010. – 448 s. ________________ 15 ҚАЗАҚСТАНДА ГУЛАГ ЛАГЕРЛЕРІ ТҰТҚЫНДАРЫНЫҢ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ОТБАСЫЛАРЫНЫҢ ТАҒДЫРЫ СУДЬБЫ УЗНИКОВ ЛАГЕРЕЙ ГУЛАГА В КАЗАХСТАНЕ И ЧЛЕНОВ ИХ СЕМЕЙ THE FATE OF THE PRISONERS OF THE GULAG CAMPS IN KAZAKHSTAN AND THEIR FAMILY MEMBERS ҒТАМР 03.20.00 ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН АУМАҒЫНДАҒЫ ЕҢБЕКПЕН -ТҮЗЕУ ЛАГЕРЛЕРІ Краснобаева Нелли Леонидовна¹* ¹ Тарих ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор, бас ғылыми қызметкер, Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті. Қазақстан, Өскемен қ. , е -mail: krasn_nelli@mail.ru, https://orcid.org/0000-0002-9081-0191 *Автор-корреспондент Аннотация. Кеңестік түрме -лагерь жүйесі тоталитарлық режимнің міндеттерін шешудің бірыңғай тетігі ретінде жұмыс істеді. Шығыс Қазақстан аумағында түрлі деңгейдегі түзеу – еңбек лагерлері ұйымдастырылды. Тұтқындардың еңбегі құрылыста, ағаш кесуде және басқа жұмыстарда қолданылды. Мұрағаттық деректер мен далалық зерттеулер ХХ ғасырдың 40- 50 жылдарында облыс аумағында ГУЛАГ лагерінің (Ермаковлаг, 790 құрылысы) жұмыс істеуінің қ ұжаттық растамаларын анықтауға мүмкіндік береді.Downloads
Published
2024-01-01
Issue
Section
Articles
How to Cite
ABOUT THE BUKHARA EDUCATED REPRESENTATIVE OF TRADITIONAL RELIGION MULLA, LEADER OF THE MANGYSTAU UPRISING, M.M. AKMYRZAEV. (2024). National Memory, 7(1). https://www.ult-zhady.kz/index.php/journal/article/view/295