ҚЫЗЫЛЖАР ӨҢІРІНІҢ ЗАҢГЕРЛЕРІ – АЙДАРХАН ТҰРЛЫБАЕВ ПЕН ЕРЕЖЕП ИТБАЕВ

Авторлар

  • Мәлікова Сәуле Автор

Кілт сөздер:

Алаш қайраткерлері, Кеңес үкіметі, қуғын -сүргін, заң, тәуелсіздік, конституция

Аңдатпа

Бұл мақалада Қызылжар өңірінің Алаш қайраткерлері, заңгер – Айдархан Тұрлыбаев пен Ережеп Итбаевтың өмірі мен қызмет жолына қатысты зерттеу жұмыстарының нәтижелері талқыланып, баяндалады. Алаш қайраткерлері – Айдархан Тұрлыбаев пен Ережеп Итбаевтың қоғамдық-мемлекеттік қызметін, заң саласындағы қызметін жаңа тарихи көзқарас тұрғысынан қорытып, бұрын тарихымызда белгісіз болып келген немесе бұрмаланған тұстарын бірегей архивтік құжаттар ға сүйене отырып тарихи шындық тұрғысынан зерттеу, тұлғалардың шынайы келбеті мен ерекшеліктерін ашып көрсету – зерттеу жұмысының басты мақсаты болып табылады. Осыған орай зерттеу жұмысының алдына мынадай міндеттер қойылады: Алаш қайраткерлері – Айдархан Тұрлыбаев пен Ережеп Итбаевтың өмірі мен қызметі жайында бұрын жарияланбаған құжаттар мен деректерді ғылыми айналымға енгізу; Қайраткерлердің қоғамдық, саяси, мемлекеттік қызметіне қатысты барлық зерттеулерді, архив құжаттары мен басқа да дерек көздерін жаңа заман талаптары тұрғысынан саралап, еңбектерді талдау, қарастыру; Саяси көзқарастарының қалыптасуындағы әсерін анықтау; Алаш- Орда кезеңіндегі жүргізген саяси күрестерінің бағытын ашу; Кеңестік билік тұсында атқарған мемлекеттік, қоғамдық қызметтерін бағамдау; Айдархан Тұрлыбаев пен Ережеп Итбаевтың тоталитарлық жүйенің қуғын -сүргінге ұшырауын деректер негізінде дәйектеу.

Жүктеулер

Жарияланды

2025-01-01

Журналдың саны

Бөлім

Мақалалар

Ұқсас мақалалар

21-30 тен 138

Бұл мақала үшін Кеңейтілген нұсқалар бойынша ұқсас мақалаларды іздеу.