КЕҢЕС ӨКІМЕТІНІҢ ШАРУАЛАРҒА ҚАТЫСТЫ РЕПРЕССИЯЛЫҚ САЯСАТЫ
Кілт сөздер:
шаруалар, кеңес өкіметі, ұжымдастыру, астық тапсыру науқаны, саяси қуғын-сүргін құрбандары, үкім, халық наразылықтарыАңдатпа
1928-1932 жылдары күштеп ұжымдастыру саясаты кезеңінде кеңес өкіметі қазақ ауылдарын, малшы шаруаларды қыспаққа алып, оларды саяси қудалауға ұшыратты. Мақалада кеңес өкіметінің Батыс Қазақстан облысындағы шаруаларға қатысты репрессиялық саясаты жан - жақты қарастырылады. 1929 жылы Орал округінде астық дайындау науқаны кезеңінде шаруалар кеңес өкіметінің саясатына қарсылық білдірген. Зерттеу жұмыстарының барысында Жымпиты, Зауральный, Камен аудандарында ұжымдастыру саясатына қарсы халық наразылықтарының болғандығын дәлелдейтін архив құжаттары табылып отыр. Мақалада автор сол кезеңдегі Орал округінің Жымпиты, Зауральный, Камен аудандарындағы кеңес билігіне қарсы баскөтерулердің себеп- салдарына, оқиғалардың жүру барысына, қатынасушылардың әлеуметтік құрамына ғылыми тұрғыдан тарихи талдау жасайды. Бұл аталған аудандардағы о қиғаларға қатынасушы азаматтардың есімдері толық анықталып, оларға тағылған айыптар, қабылданған үкімдер алғаш рет архив құжаттары негізінде жарияланып отыр. Қазақстан Республикасының саяси қуғын -сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік саясатының арқасында х алық қаһармандарының есімдерін барша қоғам білуі тиіс және олардың азаттық жолындағы ерліктері жас ұрпақ қа дәріптелуі қажет. Зерттеу қорытындысына сәйкес автор к еңес өкіметінің 31 шаруаларға қатысты репрессиялық саясаты жөнінде ой -тұжырымдар жасаған.Жүктеулер
Жарияланды
2024-01-01
Журналдың саны
Бөлім
Мақалалар
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
КЕҢЕС ӨКІМЕТІНІҢ ШАРУАЛАРҒА ҚАТЫСТЫ РЕПРЕССИЯЛЫҚ САЯСАТЫ. (2024). Ұлт жады, 7(1). https://www.ult-zhady.kz/index.php/journal/article/view/297