ӘЛИХАН БӨКЕЙХАН ЖӘНЕ ҰЛТТЫҚ РУХ
Кілт сөздер:
Ұлттық рух, ұлттық идея, рух категориясы, рух философиясы, тұлға, тарих, мемлекет.Аңдатпа
Мақалада Әлихан Бөкейханның ұлттық рухты көтерген тарихи бейнесі зерделенеді. Автор Отандық тарихтағы Алаш зиялыларының тұлғалық бейнесі; тұлғатану мәселесі; ұлттық рухты биіктететін зиялылар екендігі; зиялылық түсінігінің большевиктік-сталиндік билік тұсында бұрмаланғандығы; адамды тұлғалыққа тәрбиелейтін ұлттық тарихи санасы екендігі туралы ой тұжырымдарын жасайды. Рухани жетілген жан ұлтына адал қызмет етіп; нағыз зиялы деп білігі мен білімін халқының игілігіне жұмсап, ұлт мүддесі жолында өзін құрбан етуге даяр болатындығын түйіндейді.
Мақалада Алаш зиялыларының аз уақыт ішінде ұлттық рухты көтеріп, халқына уақыт сынын ұғындырып, заман тығырығынан шығудың сан-қырлы жолдарын көрсетіп кеткендігі; олардың көтерген проблемаларының бір қатары әлі күнге дейін өз шешімін таппай отырғандығы; Әлихан Бөкейхан бастаған ұлт зиялылары бастарына төнген қауіп қатерге қарамастан ұлттық идеяны халық санасына сіңіру үшін «Қазақ» газетін шығарып, «Алаш» партиясын, Алаш Орда мемлекетін құрып, ұлттық идеяны, ұлттық рухты көтергендігі; Алаш идеясының астарында қазақтың ұлттық рух түсінігі жатырғандығы зерделенеді.
Әлихан Бөкейханнның сол кезеңдегі мерімдік басылымдарда жарияланған мақалалары талданып, ұлт ұстазының саяси лидер ғана емес, эницлопедист ғалым, нағыз ұлт қызметшісі екендігі тұжырымдалады.
Әлихан Бөкейхан - қоғамдық-саяси, ағартушылық қызметі, ғылыми мұралары арқылы ұлттық рухты биіктетіп кетті. Биіктете де береді. Әлихан Нұрмұхамедұлының тарихи тұлғасы өз биігінен зерттелініп, зерделенуі тиіс.