ҚАЗАҚ СЪЕЗДЕРІ: ХАЛЫҚ ЕРКІ МЕН МҮДДЕСІ
Кілт сөздер:
Алаш қозғалысы, интеллигенция, саяси элита, қазақ съездері, ұлт мүддесі, біріккен съездер, өзге ұлт өкілдері, қаулы-қарарларАңдатпа
Мақала халық еркі мен мүддесін көздеген Қазақ съездерінің тарихын жаңа қырынан көрсетуге арналған. Бірінші және екінші жалпы қазақ съездерін қоспағанда, 1917-1919 жж. Ақмола (А. Тұрлыбаев), Семей (төрағасы Р. Мәрсеков), Торғай (төрағасы А. Байтұрсынов), Жетісу (төрағасы Ы. Жайнақов), Орал (төрағасы Ж. Досмұхамедов), Бөкей Ордасы (төрағасы У. Танашев) және Сырдария облысы және Түркістан аймағы (төрағасы М. Тынышбаев) бойынша 78 съезд, уездер мен болыстарда 64 съезд шақырылған. Соңғы зерттеулер нәтижесінде Қазақ съездерінің жалпы саны 144 -ке, ал оған қатысқан өкілдер саны 8000 -ға жетті. Ол кезеңде Қазақ съездері әртүрлі атаумен (басқосу, құрылтай, жиын, митинг, кеңес, мәжіліс) аталды және оған қатысқан өкілдердің әлеуметтік құрамы да әртүрлі (зиялылар, мұ ғалімдер, ғұламалар, имамдар мен молдалар, шаруалар, әйелдер, жастар) болды. 1917 -1919 жж. Қазақ съездері мен сол уақытта қатар шақырылған біріккен съездерге аймақтық және далалық облыстардан орыс, татар, ноғай, башқұрт, қырғыз, өзбек сияқты өзге де ұлтт ың өкілдері қатысты. Солардың ішінде Г.Н. Потанин (орыс), А . Зборовский (орыс), Г. Колмогоров (орыс), Х. Сатаров (ноғай), З. Тоған (башқұрт) И.Г. Попов (орыс), Г.К. Бизянов (орыс) және т.б. атауға болады. Сондай-ақ, съездерге Уақытша үкіметтің жергілікті б асқару органдары атынан ресми өкілдер де қатысқан, олардың көбін орыстар мен татарлар құрады. Сондықтан, зерттеу объектісінің ауқымы кеңейтіліп, Қазақ съездерімен қабаттас өткен біріккен съездердің (жалпымұсылман, жалпысібір, кеңестер т.б.) материалдары д а қамтылды. Себебі, Ә. Бөкейхан, Р.Мәрсеков, Ә. Ермеков, Ж. Досмұхамедов, Х. Досмұхамедов, А. Досжанова, 218 Ы. Жайнақов, М. Шоқай және т.б. қазақ зиялылары көршілес өңірлерде өткен Бірінші жалпы Сібір съезіне (Томск қ.), Түркістан мұсылмандарының жалпы съезін е (Ташкент қ.), Жетісу облысы татарларының бірінші съезіне (Алматы қ.) және басқа да аймақтық съездерге «Алаш» партиясы мен Алашорда үкіметінің атынан қатысқан. Жалпы қазақ съездері мен аймақтық біріккен съездер қабылдаған ортақ қаулы -қарарлар мен шешімдер халықтың еркі мен мүддесін көздеген.Жүктеулер
Жарияланды
2023-01-01
Журналдың саны
Бөлім
Мақалалар
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
ҚАЗАҚ СЪЕЗДЕРІ: ХАЛЫҚ ЕРКІ МЕН МҮДДЕСІ. (2023). Ұлт жады, 6(4). https://www.ult-zhady.kz/index.php/journal/article/view/290