FROM THE HISTORY OF POLITICAL REPRESSION IN AKMOLINA REGION (BASED ON DOCUMENTS OF THE STATE ARCHIVE OF ASTANA CITY)
Keywords:
Ақмола өңірі, саяси қуғын-сүргін, ашаршылық, мал-мүлікті кәмпескелеу, жер аудару, халық наразылығыAbstract
Мақалада өткен ғасырдың 20-30-шы жылдарындағы Кеңес үкіметі мен большевиктер партиясының Ақмола өңірінде жүргізген саясаты баяндалып, талданады. Саяси қуғын-сүргіннің Ақмола өңірінде жүргізілу тарихы мен оның формасы, өзгерістер траекториясы большевиктік билік пен оның жергілікті органдарының саяси науқан кезіндегі күш көрсету, зорлық-зомбылық шаралары, адам құқығын елемеу процестері сипатталады. Ауқатты байлардың малын тәркілеу, өз елінен отбасымен тысқары өңірге жер аудару, олардың көрген азабы мен қиыншылығы архив материалдары негізінде көрсетіледі. Астана қаласы мемлекеттік архивінің құжаттарына сүйене отырып Ақмола өңірінен қанша адам тәркілеуге ілікті және жасалған тізімде кімдер болғаны мен тізімнің өзгеруі, малдары тәркіленген ауқатты байлар санатына жататындардың жер аударылуы, әрі өңірде ғасырлар бойы қалыптасқан шаруашылық жүйесінің күйреуі баяндалады. Сонымен қатар, әр түрлі салықтардың салынуы, оны орындау мүмкіндігінің болмауы, жергілікті тұрғындардың наразылығы, ел ішінде ашаршылықтың белең алып, халықтың ата мекенін тастап көрші облыстар территориясына үдере көшуі айналымға түскен құжаттар арқылы, нақты дәлелдер бойынша жазылды. Ақмола қаласы бойынша ауқаттылардың, оның ішінде өңірдің қоғамдық, экономикалық өмірінде, шаруашылық жүргізу салаларында танымал болған сауда-өндірістік ауқаттылары Қосшығұловтар, Халфиндер, Кубриндер және т.б. дүние- мүліктерінің кәмпескеленуі баяндалады.Downloads
Published
2023-01-01
Issue
Section
Articles
How to Cite
FROM THE HISTORY OF POLITICAL REPRESSION IN AKMOLINA REGION (BASED ON DOCUMENTS OF THE STATE ARCHIVE OF ASTANA CITY). (2023). National Memory, 5(3). https://www.ult-zhady.kz/index.php/journal/article/view/264