THE POLICY OF THE SOVIET AUTHORITIES TO DESTROY KAZAKH VILLAGES
Keywords:
саяси қуғын-сүргін, қазақ ауылы, ұлттық сана, тәркілеу, шаруашылық, мешіт, медресе және т.бAbstract
Мақалада кеңес өкіметінің қазақ ауылдарын жою саясаты архив құжаттар негізінде зерделенеді. Ақтөбе облыстық мемлекеттік архивінің құжаттары негізі нде большевиктер қазақ ауылдарын рухани орталықтар деп танып, елге, ауылдарға рухани тірек болып отырған байла р мен діни адамдардың рөлін жойып жіберудің неше түрлі амалдарын біртіндеп енгізе бастағандығы дәлелденеді. Қазақ ауылдары тек қана мал шаруашылы ғын жүргізу тәртібінен тұрмады. Қазақ ауылы рухани дамудың ұясы болды. Ауылдардың жанында үлкен орталыққа айна лған мешіт, медресе, халыққа қорған болған тұлғалар жерленген қорымдар болғандығы белгілі. Кеңес өкіметі дінге, ділге, шаруашылққа, мәдениетке ал апат шабуыл жасады. Мақалада кеңестер билігі тарапынан мешіттерді тіркету, діни қоғам ретінде қайта құру, үкім етке арнайы салық төлеу міндеттелгендігі, құдайға құлшылық ететін адамдардың әлеуметтік мәртебесі белгіленіп, ауылдарда кеңес үкіметіне тіркелген мешіттерде Құдайға деген құлшылығы үшін салық төлейтін адамдардың саны 20 адамнан кем болмауы және олардың іші нде әлеуметтік мәртебесі бай, жан -жақтан білім алған, бұрын елге қызмет еткен адамдардың болмауы керектігі қатаң түрде қадағаланғандығы деректерме н дәйектеледі. Ірі байлар отырған қазақ ауылдарының мал -мүлкін тәркілеуде коммунист жасақтары құрылып, олардың қолына қару берілгендігі, қазақ қоғамындағы байлар институтын түп тамырымен жою саясатының құрығына байдың төңірегіндегі қарапайым адамдар да іліккендігі, ауылдарды жою сяасатының түбі ашаршылыққа әкелгендігі зерделенеді.Downloads
Published
2023-01-01
Issue
Section
Articles
How to Cite
THE POLICY OF THE SOVIET AUTHORITIES TO DESTROY KAZAKH VILLAGES. (2023). National Memory, 3(1). https://www.ult-zhady.kz/index.php/journal/article/view/235