КСРОНЫҢ ШАРУ АЛАРҒА ҚАРСЫ ЖҮРГІЗГЕН ҚУҒЫНСҮРГІН САЯСАТЫ: ҚҰҚЫҚТЫҚ АҚТАУ НЕГІЗДЕРІ ЖӘНЕ ПРОБЛЕМАЛАРЫ
Keywords:
саяси қуғын-сүргін, ұжымдастыру, тәркілеу, астық дайындау, ет дайындау, ақтауAbstract
ХХ ғасырдың отызыншы жылдарындағы Кеңес үкіметінің қуғын-сүргін саясаты жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау саяси мәселесін шешуге сәйкес ғылыми зерттеудің өзекті мәселесі болып табылады. Кеңестер елі тарихындағы бұл қатерлі кезең КСРО-ны мекендеген халықтардың, оның ішінде Қазақстанда тұратын халықтардың тағдырында өшпес із қалдырды. Тарихшылардың, саясаттанушылар мен заңгерлердің күш-жігері жаппай қуғын- сүргін тарихындағы «ақтаңдақтарды» көрсетуге бағытталуы керек. Осыған байланысты мақалада мәселені жан-жақты зерттеудің әдіснамалық негіздеріне баса назар аударылады. Зерттеу тарихнамасында өткен ғасырдың отызыншы жылдарының басынан бастап шетелдік және отандық авторлардың еңбектерінің айтарлықтай тиянақты тізбесінің қамтылуы бұл мәселені шешуге ықпал жасады. Кеңес қоғамының әртүрлі топтары мен санаттарын қамтыған қуғын-сүргін саясат әсіресе шаруаларға қатысты қан төгісті болды. Жаппай күштеп ұжымдастыру, ауыл шаруашылығы өнімдерін дайындау, салық жинау, мемлекет 78 ҰЛТ ЖАДЫ кірісіне негізсіз біржолғы төлемдер бойынша науқандар мүлкін тәркілеумен, ату- мен, елдің халық тұрмаған өңірлеріне жер аударумен қатар жүргізілді. Больше - виктер ойлап тапқан қоғамның кулактарға, байларға, орта және жеке шаруаларға әлеуметтік жіктелуі шаруалардың осы және басқа да санаттарына қарсы қуғын- сүргін саясатты жүргізуді жылдамдатты. Репрессиялық әрекеттер большевиктер партиясының бастамасымен және тікелей қатысуымен мемлекеттік органдарды тарта отырып жүргізілді. Партиялық ұстаныммен келіспегендерге сот және соттан тыс қуғындаулар қолданылды. Жаппай қуғын-сүргін құрбандарының саны оларды саяси-құқықтық ақтау мақсатында нақтыланады.Downloads
Published
2022-01-01
Issue
Section
Articles
How to Cite
КСРОНЫҢ ШАРУ АЛАРҒА ҚАРСЫ ЖҮРГІЗГЕН ҚУҒЫНСҮРГІН САЯСАТЫ: ҚҰҚЫҚТЫҚ АҚТАУ НЕГІЗДЕРІ ЖӘНЕ ПРОБЛЕМАЛАРЫ. (2022). National Memory, 1(1). https://www.ult-zhady.kz/index.php/journal/article/view/207