TOBANIYAZ ALNIYAZULY - FIGHTER FOR THE FREEDOM OF THE PEOPLE

Authors

Keywords:

Кеңес үкіметі, Маңғыстау уезі, Адайлар, ревком, агра рлық саясат, алым-салық, ОГПУ

Abstract

Кіріспе. Еліміз тәуелсіздігін алып, оң солымызды түгендей бастаған кезден елінің бірлігі мен жерінің тұтастығы үшін жан аямай күрескен сол жолда жанын қиған ерлер есімі құрметтеліп, ортамызға қайта оралып жатыр. Солардың бірі, бірі емес бірегейі - Кезінде саяси қуғын-сүргіннің құрбаны болған халық батыры, қоғам қайраткері, Адай уездік төңкеріс комитетінің бірінші төрағасы, Қазақстан Орталық Атқару Комитетінің мүшесі, елінің территориялық тұтастығы үшін күресушілердің бipi, айтулы қазақ азаматы Әлниязұлы Тобанияз еді. Мақсаты мен міндеттері . Тәуелсіздік таңы атқанға дейін оның есімі көпшілікке ашық айтылмады, ол туралы деректер құпия сақталды. Халықтан жасырды. Нәтижелер. Осы мақалада Тобанияз Әлниязұлының Маңғыстау өңіріндегі халық үшін жасаған қызметі, кеңес үкіметінің қазақтардың дәстүрлі шаруашылығын ойрандап, түбек халқының басына зобалаң туғызғандығы, сондықтан Тобанияз бастаған елдің бас көтерген азаматты рының сұрқия саясатқа қарсы күресі туралы қарастырылады. Қорытынды. Әрине, күші басым кеңес үкіметінің саясатын олардың өзгерте алуы мүмкін емес еді, ақырында Тобанияз бастаған белсенді қарсыласушылар ОГПУ Үштігінің үкімімен атылып, ал, ату жазасына кесілмегендері әртүрлі жазалау шараларына ұшырап, қуғын - сүргінге түскен еді. Халықтың мұңын жоқтап, жыртығын бүтіндеу жолында бастарын құрбандыққа тіккен ерлердің есімі ел есінде сақталады.

Downloads

Published

2025-01-01

How to Cite

TOBANIYAZ ALNIYAZULY - FIGHTER FOR THE FREEDOM OF THE PEOPLE. (2025). National Memory, 13(3). https://www.ult-zhady.kz/index.php/journal/article/view/362

Similar Articles

11-20 of 82

You may also start an advanced similarity search for this article.