ҰЖЫМДАСТЫРУ ТҰСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ БАЙЫ ҚАЖЫҒАЛИ МАМЕКОВТЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК ТҰЛҒАСЫ
Кілт сөздер:
Қажғали Мамеков, байлар, тәркілеу, жала жабу, қаулы, қарарАңдатпа
Кіріспе.Тарих ғылымында орынсыз ұмытылған тұлғалар бар. Қазіргі ғылымда оларға қызығушылық танытамыз. Біз ұмытылып қалған адамдардың өмірін, ісін, бейнесін көрсетуіміз керек. Бай адамдарды зерттеу арқылы біз танымды кеңейтіп, ғылыми пікірталастарға тап боламыз. Тарихи персоналистика оқиға тарихы дәрежесінде болғанмен, оны толығымен жоққа шығара алмаймыз. Ең алдымен, оны ырықсыз құбылыс деп қарады, дамудың жеке заңдылықтары болу керек деп қарамады. Бұл ақаулықтың объективті және субъективті себептері бар және ол тоталитарлық жүйенің салдары болып табылады. Кеңестік кезеңде жеке адамды зерттегенде олардың бәрін емес, таңдап алып отырды. Тарихи таным үдерісінде зерттеуші таным субъектісі болады және таным объектісін – тарихи шындықты зерттеу үшін тарихи дерекке жүгінеді. Яғни, тарихи дерек субъект пен таным объектісі арасындағы жанама бөлігі болып табылады. Мамековтың тұлғасы арқылы қазақ байларының жағдайын білеміз, биліктің оларға қандай қиянат жасағанын түсінеміз. Архив құжаттары негізінде Мамековтың қазақ байы ретіндегі әлеуметтік тұлғасы ашылады. Мақаланың мақсаты мен міндеттері. Мақалада тарихи таным үдерісінде қазақ байларының жағдайын Мамековтың тұлғасымен көрсетіледі. Тарихи персоналистика оқиға тарихы дәрежесінде болғанмен, оны толығымен жоққа шығара алмаймыз. Ең алдымен, оны ырықсыз құбылыс деп қарады, дамудың жеке заңдылықтары болу керек деп қарамады. Бұл ақаулықтың объективті және субъективті себептері бар және ол тоталитарлық жүйенің салдары болып табылады. Материалдар мен әдістер. Бұл мақаланың негізін құжаттық деректер құрайды. Ең алдымен, Атырау облыстық архивінің материалдары, партия, кеңес қаулылары мен қарарлары, т.б. Мақалада тарихилық, объективизм, тарихи антропологизм принциптері қолданылды. Зерттеудің негізгі әдістеріне жалпы ғылымидан басқа, салыстырмалы, тарихи -өмірбаяндық, жүйелеу, ретроспективті әдістер жатады. Нәтижелер. Кеңес үкіметі қудалаған Қ. Мамековке қамауда физикалық және психикалық тұрғыдан да ауыр болды. Оған жалған жала жабылды. Қорытынды. Қ. Мамековтің жеке парағына қарағанда мамандығы бар, ауқатты бай адам болған. Бүкілодақтық Орталық Атқару комитеті президиумының құпия қаулысына сәйкес (14 наурыз 1928 ж.) мұндай байлардың мал-мүлкін тәркілеп, қамап отырған болатын.Жүктеулер
Жарияланды
2023-01-01
Журналдың саны
Бөлім
Мақалалар
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
ҰЖЫМДАСТЫРУ ТҰСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ БАЙЫ ҚАЖЫҒАЛИ МАМЕКОВТЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК ТҰЛҒАСЫ. (2023). Ұлт жады, 4(2). https://www.ult-zhady.kz/index.php/journal/article/view/249