ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ ЖӘНЕ САЙРАМ АУДАНЫНДА ЖҮРГІЗІЛГЕН МАҚТА НАУҚАНЫНЫҢ ЗАРДАПТАРЫ
Кілт сөздер:
мақта тәуелсіздігі, тәркілеу, құғын-сүргін, байлар, Сайрам ауданы, Шымкент қаласы, күштеу, колхоздастыру, мақта науқаны, архив құжаттары, мақта үшін күресАңдатпа
Түркістан облысы мемлекеттік архивінде сақталған «Советская степь» газетінің материалдары бойынша Оңтүстік өңіріне ғана тән мақта егу науқаны кезінде күштеу құғын -сүргін жүргізу арқылы Шымкент қаласы мен Сайрам ауданында колхоздар құрылысының қалай жүзеге асқаны және оларда мақта егу науқаны туралы архивте құжаттар көптеп кездеседі. Астық дайындау, ет дайындау науқанынан бөлек мақта науқанының қызу жүргенін біреу білсе, біреулер білмейді. Мақтау егу және жинау науқаны қызу жүргізіліп, негізінен құғын -сүргін әдісімен атқарылған. Қуғын -сүргінге ұшырағандар да болды. Мақалада Шымкент қаласы және қалаға іргелес Сайрам ауданында орын алған істер туралы баяндалады. КСРО-ның «Мақта тәуелсіздігі үшін күрес», «мақта күресі — социализм үшін күрес» дегенде біз «күрес» дегенді жалаң сөзбен емес, бесжылдықтың үшінші шешуші жылының жағдайында мақта егу, нақты күрес, кескілескен таптық күрес әдісімен іске асқаннын байқадық. Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың 2020 жылы 24-қарашадағы Қаулысымен "Саяси қуғын -сүргін және заңсыз қудалау құрбандарына қатысты тарихи әділдікті қалпына келтіру жұмысын толық аяқтауды" тапсырғаны белгілі. Жұмыста сол қасіретті жылдарда құғын -сүргінге ұшырағандарды, соның 14 ішінде мақта егу науқанынан зардап шеккендерді көрсету ізденісіміздің басты бағыты саналды.Жүктеулер
Жарияланды
2025-01-01
Журналдың саны
Бөлім
Мақалалар
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ ЖӘНЕ САЙРАМ АУДАНЫНДА ЖҮРГІЗІЛГЕН МАҚТА НАУҚАНЫНЫҢ ЗАРДАПТАРЫ. (2025). Ұлт жады, 12(2). https://www.ult-zhady.kz/index.php/journal/article/view/347