КАМПАНИИ ПО ОСЕДАНИЮ, ПРОВЕДЕННЫЕ В 1930 ГГ. В КАЗАХСТАНЕ - СОЦИАЛЬНЫЕ ТРАГЕДИИ РЕВОЛЮЦИИ МАЛЫЙ ОКТЯБРЬ

Авторлар

Кілт сөздер:

қазақтар, отырықшыландыру, ұжымдастыру, көшпелі және жартылай көшпелі шаруашылық, Кіші Қазан революциясы, Голощекин

Аңдатпа

Кіріспе. Көшпелі және жартылай көшпелі шаруашылықтарды отырықшыландыру барысының тарихы мен мәні кеңестік билік органдары жүргізген саяси -қуғын-сүргіндер саясатының механизмдері көрсетілді. Зерттеудің мақсаттары мен міндеттері. Көшпелі және жартылай көшпелі шаруаш ылықтарды отырықшыландыру үдерісінің себептерін, көлемін, жалпы жүргізілу бағытын, кеңестік билік тарапынан жүргізілген қарапайым шаруаларға қатысты саясатын зерделеу. Әдістері мен материалдары. Зерттеудің материалдары ретінде жаңа методологиялық тұрғыдан зерделенген архивтік деректер мен ғылыми ізденістер қарастырылды. Архивтік деректер мен жарияланған ғылыми еңбектерге талдау жұмысы жүргізілді. Қазақстан Республикасының Орталық Мемлекеттік архиві мен Қазақстан Республикасы Президенті Архивінің отырықшыландыруға қатысты құжаттары ғылыми айналымға енгізілді. Жалпы ғылыми әдістер де (анализ, синтез, жалпылау, индукция, дедукция) қолданылды. Нәтижелер. Қазақ даласында жүргізілген әлеуметтік, экономикалық реформалардың соңы халықтың жаппай қырылып қалуына әкеп соқтырған ашаршылыққа жеткізгендігін архивтік құжаттар мен фактологиялық деректер арқылы қайта қарастырылды. Қорытындылар. Кіші Қазан революциясының негізгі науқандарының бірі ретінде көшпелі және жартылай көшпелі шаруашылықтарды отырықшыландыру процесі ба рысына тарихи баға берілді. Аталған науқандарды жүргізу барысындағы қазақ даласындағы әлеуметтік, экономикалық шығындарға сараптама жасалды.

Жүктеулер

Жарияланды

2025-01-01

Журналдың саны

Бөлім

Мақалалар

Ұқсас мақалалар

1-10 тен 130

Бұл мақала үшін Кеңейтілген нұсқалар бойынша ұқсас мақалаларды іздеу.