1937 ЖЫЛ: ҚАЗАҚ ЗИЯЛЫЛАРЫ ТАҒДЫРЫНДАҒЫ ҚУҒЫН-СҮРГІН
Кілт сөздер:
қазақ зиялылары, қуғын сүргін, халық жауы, алашордашыл, ұлтшыл, революцияға қарсы шығармаАңдатпа
Мақалада қазақ халқының шығармашылық зиялыларының қуғын сүргін жылдарындағы, әсіресе 1937 жылғы рухани -моральдық дағдарысы қарастырылады. Дәлелсіз айыптау, аңду, халық жауы ретінде, алашордашыл ретінде әшкерлеу қуғын сүргін жылдарына тән құбылыс болды. Мақалада қазақ зиялыларының көрнекті тұлғалары С.Сейфуллин, І.Жансүгіров, Б.Майлин, М.Жұмабаев, М.Әуезов т.б халық жауы ретінде айыптау талданады. Ұлт зиялыларының қуғын -сүргін жылдарындағы өзін -өзі ұстауы, айыптауға қарсы іс -әрекеті, қарсылығы немесе мойынсұнуы ж ан-жақты қарастырылады. Қазақтың шығармашылық интеллигенциясын жарық көрген көркем шығармалары негізінде алашордашылар, ұлтшылдар және байлар мүддесін білдіруші ретінде айыптады. Негізсіз айыптау мен кінәлау қазақтың шығармашылық зиялыларын үнемі үрей ме н қорқынышта ұстады. Сонымен қатар, олардың өздері де басқалардың шығармаларындағы қателіктері мен кемшіліктерін көре білу керек еді. Ал, айыптауларға қатыспағандарды халық жауларын әшкелеуде белсінділік танытпай отыр деп кінәлады. 207Жүктеулер
Жарияланды
2023-01-01
Журналдың саны
Бөлім
Мақалалар
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
1937 ЖЫЛ: ҚАЗАҚ ЗИЯЛЫЛАРЫ ТАҒДЫРЫНДАҒЫ ҚУҒЫН-СҮРГІН. (2023). Ұлт жады, 6(4). https://www.ult-zhady.kz/index.php/journal/article/view/289