КАРЛАГТАҒЫ ЛАГЕРЛІК БАЛАЛЫҚ ШАҚТЫҢ КЕЙБІР АСПЕКТІЛЕРІ: ЛАГЕРДЕГІ ЖАҒДАЙ ЖӘНЕ СӘБИЛЕР ҮЙЛЕРІНДЕГІ ӨЛІМ
Кілт сөздер:
ГУЛАГ, қазақстандық лагерьлер, Қарағанды ЕТЛ, ГУЛАГ балалары, Карлагтағы балалар, сәбилер үйлері, ұстау жағдайлары, өлім-жітімАңдатпа
Мақалада КСРО НКВД -ІІМ Қарағанды ЕТЛ-дегі сәбилер үйлерінің құрылуы мен жұмыс істеу тарихының негізгі аспектілері қарастырылады. Сәбилер үйлеріндегі балалар контингентінің саны, құрамы мен қозғалысы, азық -түлік және заттай қамтамасыз ету дің сипаты мен мазмұны, тұрғын үй -тұрмыстық жағдайлар, сондай -ақ медициналық -санитарлық қызмет көрсету ісі мен балалар өлімі қарастырылған. Балалар өлімінің себептері мен ауқымы анықталып, сипатталды. Архив материалдары арқылы сәбилер үйлерінің материалдық - техникалық өте төмен деңгейі, тәрбиешілердің жетіспеушілігі және медициналық -санитарлық қызмет көрсетудің нашарлығы көрсетілді. Сәбилер үйлерінің күнделікті жұмыс тәжірибесінің ҰЛТ ЖАДЫ Республикалық ғылыми журнал 2023, №2 (4) 106 сипаты мен мазмұнына баға берілді. Кеңестік қоғам үшін сәбилер үйлеріндегі балаларды «тәрбиелеу» нәтижелерінің салдары туралы пікірлер беріледі.Жүктеулер
Жарияланды
2023-01-01
Журналдың саны
Бөлім
Мақалалар
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
КАРЛАГТАҒЫ ЛАГЕРЛІК БАЛАЛЫҚ ШАҚТЫҢ КЕЙБІР АСПЕКТІЛЕРІ: ЛАГЕРДЕГІ ЖАҒДАЙ ЖӘНЕ СӘБИЛЕР ҮЙЛЕРІНДЕГІ ӨЛІМ. (2023). Ұлт жады, 4(2). https://www.ult-zhady.kz/index.php/journal/article/view/254