Журнал туралы

 «Ұлт жады» журналының құрылтайшысы және баспагері: «Қазақстанның бостандығы мен тәуелсіздігі үшін күресте зардап шеккен тұлғаларды ақтау мен олардың есімдерін мәңгі есте сақтау жөніндегі «Каһармандар» Республикалық Қоғамдық қоры.

 

«Ұлт жады» ғылыми журналы сериялық басылымдарды тіркеу жөніндегі ISSN Халықаралық орталығында (Париж қ., Франция) тіркелген.

ISSN: 2957-6725, E-ISSN: 2957-6733.

 

Ғылыми журналдың электрондық нұсқасы ашық қолжетімділік режимінде https://ult-zhady.kz/  

 

Журналды шығару мерзімділігі – жылына төрт рет (тоқсанда бір рет).

 

 

Мақалалардың түпнұсқалығын тексеру «StrikePlagiarism» лицензиялық жүйесі арқылы, компаниямен келісімшарт негізінде жасалады.

 

Жарияланым тілдері: қазақ, орыс, ағылшын.

 

 

«Ұлт жады» журналының миссиясы – Қазақстандағы саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі Мемлекеттік комиссия материалдарын жан-жақты зерделеуге және оларды ғылыми айналымға енгізуге ықпал ету, саяси қуғын-сүргін құрбандарының базалық санаттары мен оларды толық ақтау үдерістерін іргелі зерттеулер тұрғысынан ғылыми тұрғыда сүйемелдеу, сондай-ақ ХХ ғасырдағы Қазақстандағы жаппай саяси қуғын-сүргін мәселелері бойынша пәнаралық зерттеулер әдіснамасы негізінде архивтік дереккөздерді ғылыми айналымға енгізу мен талдау, ғалымдардың түпнұсқа мақалаларын, шолулары мен рецензияларын жариялау арқылы ғылыми алмасу мен ынтымақтастыққа арналған ашық платформа қалыптастыру.

 

Журналдың негізгі сипаттамалары:

Мақсатты аудитория: саяси қуғын-сүргін тарихын, сондай-ақ құрбандарды толық құқықтық және саяси тұрғыдан ақтау мәселелерін зерттейтін ғалымдар, оқытушылар мен ғылыми қызметкерлер.

Контент: кеңестік кезеңдегі саяси қуғын-сүргінді зерттеуге арналған ғылыми мақалалар, архивтік құжаттар мен талдамалық материалдар.

Баспагер: Қазақстан Республикасы саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі Мемлекеттік комиссиясының Жобалық офисі базасында шығарылады.

Қазақстандағы саяси қуғын-сүргін құрбандарын зерделеу мен ақтауды ғылыми тұрғыдан қамтамасыз ететін берік зерттеу базасын қалыптастыру.

 

Журналдың редакциялық саясаты оның миссиясына сәйкес келеді және Қазақстандағы саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі Мемлекеттік комиссия материалдарын іргелі тұрғыда зерттеуге жәрдемдесуге, сондай-ақ олармен сала мамандарын және барлық мүдделі оқырмандарды таныстыруға бағытталған.

Редакция Scopus және Web of Science халықаралық деректер базаларында индекстелетін журналдарда жарияланымдары бар, Хирш индексі жоғары отандық және шетелдік ғалымдардың мақалаларын, рецензиялары мен шолуларын, сондай-ақ пәнаралық зерттеулерді құптайды және журнал беттерінде ғылыми этика қағидаттары аясында академиялық пікірталас жүргізуге мүмкіндік жасайды.

Мақала мен рецензияны жариялау туралы шешім редакциялық алқа мүшелерінің және осы мәселе бойынша сарапшы-ғалымдар болып табылатын тартылған рецензенттердің пікірлері негізінде, жұмыстың түпнұсқалылығы, өзектілігі, ғылыми жаңалығы мен зерттеу нәтижелерінің маңыздылығы ескеріле отырып қабылданады.

 

Журналдың мақсаты – Қазақстандағы саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі Мемлекеттік комиссия материалдарын зерделеуге ықпал ететін, қатаң рецензиялаудан өткен, заманауи әдіснама мен әдістерге, жаңа тұжырымдамалық тәсілдерге негізделген жоғары сапалы түпнұсқа зерттеулер мен шолу мақалаларын жариялау.

Материалдарға мамандардың, оқытушылардың, докторанттар мен магистранттардың кең ауқымы үшін ашық қолжетімділікті қамтамасыз ету.

ХХ ғасырдағы Қазақстандағы саяси қуғын-сүргіннің әртүрлі қырларын ашып көрсететін ақпаратты ұсыну арқылы оқырман аудиториясын кеңейту.

 

Журналдың міндеттері:

− ғылыми қызметкерлерге, оқытушыларға, докторанттар мен магистранттарға өз зерттеулерінің нәтижелерін жариялауға мүмкіндік беру; ғылыми қауымдастықты жедел әрі кәсіби ақпаратпен қамтамасыз ету;

− зерттеу нәтижелеріне еркін ашық қолжетімділікті қамтамасыз ету;

− тақырыптың өзектілігі мен ұсынылған материалдардың сенімділігін ескере отырып, мақалаларды мұқият іріктеу арқылы сапалы контент қалыптастыру;

− саяси қуғын-сүргін мәселелерін іргелі тұрғыда зерттеудің өзекті бағыттары бойынша материалдардың жариялануын қолдау;

− журналдың халықаралық деректер базалары мен ашық электрондық ресурстарға енуіне бағытталған мақсатты қызметті жүзеге асыру;

− мақалалардың атауларын, аңдатпаларын, түйінді сөздерін және пайдаланылған әдебиеттер тізімін ағылшын тілінде жариялау арқылы журналдың шетелдік оқырмандар үшін қолжетімділігін қамтамасыз ету.

 

Журналдың тақырыптық бағыттары

Журнал айдарларында төмендегі бағыттар бойынша мақалалар мен рецензиялар жарияланады:

– Жаппай саяси қуғын-сұғын бойынша фундаменттік зерттеу әдістемесі;

– Қазақстанның бостандығы, тәуелсіздігі және аумақтық тұтастығы үшін күресушілер – қуғын-сүргін құрбандары;

– Халыққа қарсы жасалған Қазақстандағы «Кіші Октябрь» бағдарламасының іске асырылуы және оның трагедиялық зардаптары;

– Кеңестік Қазақстандағы дін қызметкерлері мен сенушілердің тағдыры;

– Қазақстандағы жазалаушы органдарың қызметі мен қылмыстары;

– Әскери тұтқындар-қазақстандықтар – қуғын-сүргін құрбандары және т. б.

 

Архив және ғылыми мақалалардың қолжетімдігі: жарияланған мақалалар журналдың сайтына «Журнал нөмірлері» бөлімінде орналастырылған. «Ұлт жады» журналының мазмұны ашық қолжетімді, пайдаланушылар мен олардың ұйымдары үшін тегін ұсынылады. Пайдаланушылар толық мәтінді құжаттарды алдын ала рұқсат алмай-ақ оқуға, жүктеп алуға, таратуды, көшіріп алуға, басып шығаруға, іздеуге немесе оларға сілтеме жасауға рұқсат етіледі.