KURULTAI ALASH IN THE NORTH KAZAKHSTAN REGION: AKKUSAK ASSEMBLY
Keywords:
Алаш, петиция, қозғалыс, Мемлекеттік Дума, Алашорда, зиялы қауым, Алаш полкі, Қызылжар, Бүкілқазақ съезі, Алаш автономиясыAbstract
Кіріспе. Мақалада Қазақстанның солтүстік өңіріндегі ХХ ғасырдың басындағы саяси оқиғалардың барысы баяндалған. Мақсаты мен міндеттері. Ғылыми айналымға енгізілген материалдар, ХХ ғасырдың басындағы мұрағаттық құжаттар мен мерзімді басылымдар негізінде Алаш қозғалысының пайда болу тарихы және ұлттық зиялы қауымның тәуелсіздік үшін саяси күрес аренасына шығу тарихы, петицияның бағыты, аймақтағы ақпан және қазан төңкерістерінің оқиғаларын бейнелеу ғылыми негізде баяндалады. Нәтижелер. Зерттеу барысында Жас Азамат газетінің материалдары зерттелді. Қызылжар өңірінде әрекет еткен Алаш қайраткерлері М.Дулатов, М. Жұмабаев, Ж. Тілеулин, А. Тұрлыбаев, Е. Итбаев және т. б. қоғамдық-саяси қызмет, рухани мұра бойынша құнды ақпарат алуға мүмкіндік туды. Олардың қатысуымен жаппай жиналыстар өтті. Мемлекеттік Думаға сайланған депутаттар бойынша мәліметтер табылды. Қорытындылар. Архив құжаттарының негізінде авторлар 1918-1919 жылдары Қызылжарда Кеңес өкіметі құлағанын және Алашорда үкіметінің саясаты жүргізілгенін анықтады. Мәселен, ұлттық зиялы қауым 47 өкілдерінің қатысуымен осындай жиындардың бірі 1918 жылы шілдеде Аққұс болысында (қазіргі Жамбыл ауданы) өтті. Алғаш рет осы тарихи оқиға туралы көптеген материалдар жиналды және зерттелді.. Қазақстанның басқа өңірлеріндегідей Қызылжарда Алаш қайраткерлерінің үлкен жиналысын өткізудің тарихи орны 1918 жылы шілдеде Әлти қажының қонысында Аққұсақ болысында, сол кезде оның ұлы Сәдуақас болыс болған жерде өткені жаңа деректер негізінде анықталып отыр.Downloads
Published
2025-01-01
Issue
Section
Articles
How to Cite
KURULTAI ALASH IN THE NORTH KAZAKHSTAN REGION: AKKUSAK ASSEMBLY. (2025). National Memory, 13(3). https://www.ult-zhady.kz/index.php/journal/article/view/359