FROM THE HISTORY OF THE ACTIVITIES OF THE NKVD-MVD IN SOUTHERN KAZAKHSTAN DURING THE SECOND WORLD WAR
Keywords:
НКВД-МВД, №23 түрме, № 347 жапон әскери тұтқындар лагері, «жапон зираттары»Abstract
Еліміздің Оңтүстік өңіріндегі белгілі Ащысай, Қаратау және оның төңірегіндегі кен орындары, рудниктер мәскеулік орталықтың ерекше назарында болды. Қаратау баурайындағы орасан зор кен байлығын игеруде, Орталықтың отарлауға бағыт алған әкімшілік-әміршілдік жүйесінің шешімдерімен түрлі еңбек күштері пайдаланылды: жергілікті қазақ тұрғындарымен бірге депортациялық жолмен жеткізілген шетелдік өкілдердің (поляктар, азербайжандар), эвакуацияланып келгендердің және жапон әскери 189 тұтқындары туралы айтыла ды. Мақалада, соғыс жылдарындағы Оңтүстік Қазақстан өңіріндегі жазалаушы органдар НКВД -МВД қызметкерлерімен жүргізілген және қатыгездікке толы, әділетсіз жұмыс барысы сөз етіледі. Жұмыста ҚР ІІМ ШҚД 15 арнайы архиві, ҚРПА 16 қорының құжаттары және Ащысай, Хан тағы, Байылдыр т. б. ауылды мекендерінде жүргізілген елішілік экспедиция (тарихи сұхбат) авторлық материалдары пайдаланылды. Мәселе методологиялық құралдардың соңғы жетістіктері (айтылған тарих, күнделіктілік ж.б.) негізінде орындалды. Ғылыми айналымға ал ғаш рет енгізілген бұл ресми құжаттар Оңтүстік өңірдің соғыс жылдарында жалғасын тапқан, қуғын-сүргінге толы қатыгездік саяси өмірінен ақпарат береді.Downloads
Published
2025-01-01
Issue
Section
Articles
How to Cite
FROM THE HISTORY OF THE ACTIVITIES OF THE NKVD-MVD IN SOUTHERN KAZAKHSTAN DURING THE SECOND WORLD WAR. (2025). National Memory, 11(1). https://www.ult-zhady.kz/index.php/journal/article/view/346