ЕКІНШІ ДҮНИЕЖҮЗІЛІК СОҒЫСТЫҢ ҚАЗАҚ ТҰТҚЫНДАРЫ
Keywords:
Екінші дүние жүзілік с оғыс, қазақтар, соғыс тұтқындары, түркістандық тұтқындар және т.бAbstract
Мақалада Ресей империясының боданы болған қазақ жерінде әскери тұтқындарды ұстайтын жерлердің бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде пайда болғандығы; екінші дүниежүзілік соғыстың кеңестік тұтқындары үшін халықаралық құқықтың ешбір тармағы орындалмағандығы түйі нделген. Сонымен қатар, И.В.Сталин басқарған кеңес билігі әртүрлі сылтаулармен Гаага және Женева Конвенцияларына қол қоюдан бас тартып, славян және басқа халықтарға дұшпандық көзқараста болған гитлерлік биліктің кеңестік тұтқындарын аяусыз азаптап, қыруға жол бергендігі жазылған. Автор қазақтардың екінші дүниежүзілік соғысқа қатысуы туралы деректер мен қазақ тұтқындарының санын анықтауға қатысты ой –тұжырымдарын жасап, Түркістандық тұтқындардың қиын тағдырына тоқталған.Downloads
Published
2023-01-01
Issue
Section
Articles
How to Cite
ЕКІНШІ ДҮНИЕЖҮЗІЛІК СОҒЫСТЫҢ ҚАЗАҚ ТҰТҚЫНДАРЫ. (2023). National Memory, 6(4). https://www.ult-zhady.kz/index.php/journal/article/view/292