PROGRESS IN IMPLEMENTATION IN KAZAKHSTAN OF URGENT SECRET ORDER № 00447 OF THE PEOPLE’S COMMISSAR OF INTERNAL AFFAIRS OF THE USSR

Authors

Keywords:

саяси қуғын-сүргін, тоталитаризм, ұлттық сана, отбасы, саясат, мемлекет, руханилық, қуғын-сүргін шаралары, депортация

Abstract

Мақалада 1930-1950 жылдары Ақмола, Ақтөбе, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары бойынша саяси қуғын-сүргінге ұшыраған әйелдер тағдыры деректер негізінде зерделенген. Ер адамдар жаппай жазықсыз жазаға тартылғанда олармен бірген әйелдердің де саяси қуғын-сүргін зобалаңына ұшырағандығы дәйектеледі. Жазықсыз азап шеккен әйелдер тағдыры кеңестік тоталитарлық жүйенің қылмысын екендігі, саяси қуғын-сүргін қызылдар билігінің орнығуымен қатар жүргендігі қарастырылады. Саяси қуғын-сүргін жалпылама бағыт алғанда, сол бір зобалаңға әйелдер де, жасөспірімдер де ілікті. Жазықсыз сәбилер тірі жетім атанып, ІІХК жетімектеріне айналды. 1920 жылдан бастап саяси «қылмыстары» үшін жазаланғандар жеткілікті. Сот жүйесі тәуелсіздігінен айрылып, партия саяси қуғын-сүргінге жол ашқандығы белгілі. Кейбір деректерде (мұрағаттардағы) са - яси қуғын-сүргінге ұшыраған әйелдердің аты-жөні, тегі, үкімі, туған жылы және өзге де қажетті дерек көздерінің жүйесіз жаылғандығын, тіпті кейде жазылмай қалғандығын да айтуымыз керек. Түрмедегі әйелдердің қылмыстық іс-қағаздары дұрыс толтырылмаған. 1931 жылы тұтқындардың іс қағаздарын жүйелі толтыру туралы айтылғанымен, нәтижесіз қалған. Мақалада жоғарыда аталған облыстар бойынша саяси қуғын-сүргінге ұшыраған әйелдердің ұлты, қызметі, білімі, оларға қолданылған жаза түрі және т.б. мәліметтер талданды.

Downloads

Published

2022-01-01

How to Cite

PROGRESS IN IMPLEMENTATION IN KAZAKHSTAN OF URGENT SECRET ORDER № 00447 OF THE PEOPLE’S COMMISSAR OF INTERNAL AFFAIRS OF THE USSR. (2022). National Memory, 1(1). https://www.ult-zhady.kz/index.php/journal/article/view/204

Similar Articles

1-10 of 139

You may also start an advanced similarity search for this article.