МАҒЖАН ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫНА БАЙЛАНЫСТЫ 1920-ЖЫЛДАРДАҒЫ САЯСИ-ИДЕЯЛЫҚ КҮРЕС
Кілт сөздер:
Мағжан Жұмабаев, Сәбит Мұқанов, Алаш-Орда, байшыл, ұлтшыл, айыптау, Мағжанды сынау, Жүсіпбек Аймауытов, Нәзір ТөреқұловАңдатпа
: Мақалада 1920 -шы жылдары тұлғалық әлуетімен, ақын, алашшыл қайраткер ретінде танымал Мағжан Жұмабаевтың шығармашылығына большевиктік ұстанымдағы төңкерісшілер тарапынан жасалған қысымға және айтылған сынға талдау жасалады. Ұлты сүйетін, қазақтың көрнекті ақынын ұлтшыл, революцияға қарсы, байшыл деп айыптау әдісімен, оның шығармашылығына тұсау салуы байқалады. Мағжанды білетін, оның қасында жүрген, кеңестік, коммунистік бағыт ұстанған революцияшыл, оның шығармашылығын большевиктік қоғамға жат, оның өзін « ұлтшыл», «жау элемент» ретінде айыптап, шығармаларын баспадан 119 жарияламау жолын ұстанады. Осылайша оған жан-жақтан, оқшаулау арқылы оны қоғамнан шеттетеді. Бұған Мағжанның сол кездегі «Алаш» жұмысына белсене араласуы себеп болды. Сондықтан, ол саяси сенімс із адам болып саналып, оның жұмысы дау-дамайға айналды. Кеңес үкіметі алашшыл ұлтшыл деп есептеген Ә.Бөкейханов Омбыдағы «Бірлік» қазақ жастарымен кездесуінде, оны елінің келешегіне үмітпен қараған тұлға ретінде «Алаш» партиясының облыстық комитетінің құрамына енгізеді. Мақалада Мағжан шығармашылығына саяси -идеялық тұрғыда қысымның жасалуы мен оны ұлтшылы-байшыл ретінде сынау, айыптау, оның шығармаларын қолданыстан алып тастау позициясын ұстануы кең көлемде қарастырылады.Жүктеулер
Жарияланды
2025-01-01
Журналдың саны
Бөлім
Мақалалар
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
МАҒЖАН ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫНА БАЙЛАНЫСТЫ 1920-ЖЫЛДАРДАҒЫ САЯСИ-ИДЕЯЛЫҚ КҮРЕС. (2025). Ұлт жады, 12(2). https://www.ult-zhady.kz/index.php/journal/article/view/352