ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚҰҚЫҚ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚҰҚЫҒЫ САЯСИ ҚУҒЫН-СҮРГІН ҚҰРБАНДАРЫНЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ САЛАСЫНДА
Кілт сөздер:
репрессия, реабилитация, табиғи құқық, халықаралық құқық, адам құқығы, бала құқығы, ұлттық құқық, ҚазақстанАңдатпа
Мақалада адам құқықтары мен бостандықтарына қатысты тоталитарлық мемлекеттің заңсыз әрекеттерінен адам құқықтарын қамтамасыз ету және қорғау саласындағы халықаралық құқық пен Қазақстан Республикасының ішкі құқығының нормаларына талдау жасалған. 1920 -1950 жылдары Кеңес үкіметінің өз халқына қатысты жүргізген саяси қуғын - сүргін құрбандарын ақтау саласындағы еліміздің заңнамасының дамуына шолу жасалды. Қуғын-сүргінге ұшырағандарды толық саяси -құқықтық ақтау жөніндегі Мемлекеттік комиссияның құрылу себептері мен қызметінің кейбір нәтижелері, сондай -ақ осы тақырыпты одан әрі зерттеу міндеттері қарастырылған. Адам құқықтарын, оның ішінде заңсыз қуғын - сүргінге ұшырағандардың құқықтарын қамтамасыз ету және қорғау мәселесі жаһандық сипатқа ие. Бұл заңгерлердің, тарихшылардың, этнографтардың, демографтардың, саясаттанушылар мен басқа да мамандардың зерттеулері үшін өзекті болып табылады, сондықтан ұсынылған мақала аясында осы ауқымды мәселенің кейбір аспектілері ғана талданады. ҰЛТ ЖАДЫ Республикалық ғылыми журнал 2023, №3 (4) 17Жүктеулер
Жарияланды
2023-01-01
Журналдың саны
Бөлім
Мақалалар
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚҰҚЫҚ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚҰҚЫҒЫ САЯСИ ҚУҒЫН-СҮРГІН ҚҰРБАНДАРЫНЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ САЛАСЫНДА. (2023). Ұлт жады, 5(3). https://www.ult-zhady.kz/index.php/journal/article/view/260