1920-1953 ЖЫЛДАР АРАЛЫҒЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ДІН САЯСАТЫ
Кілт сөздер:
Дін, Кеңес үкіметі, діни қызметкерлер, дінге қарсы күрес, наразы лық, атеистік идеология, діни ғимараттарды жабуАңдатпа
«1920-1953 жылдар аралығындағы Қазақстандағы дін саясаты» тақырыбы аз зерттелген салалардың қатарына жатады. Біріншіден, бұл кезең «Сталиндік репрессия» ретінде танылғандықтан да нәтижесі белгілі деп қорытылған. Екіншіден, кеңестік ре жим атеистік идеологияға негізделгендіктен де, ол кезеңде дін, діни білім, діни тәжірибе, діни таным мен діни сана туралы дәстүрлі теологиялық тіпті, дінтанушылық зерттеулер өте аз болды. Үшіншіден, бұл кезеңде де дін құбылысы өзінің жандылығын, экзистенци ялық тіршілігін жоғалтқан емес. Жоғалтпағандығының дәлелі – кеңестік режимнің де арнайы дінге қатыст ы саясаты, методологиялық негіздемесі, ұстанымдары мен идеясы болған. Сондықтан да дінге қатысты теріс, бұрмаланған, нәтижесі нақты өзгермес қалыптар жасалған деп тұжырымдалған.Жүктеулер
Жарияланды
2023-01-01
Журналдың саны
Бөлім
Мақалалар
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
1920-1953 ЖЫЛДАР АРАЛЫҒЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ДІН САЯСАТЫ. (2023). Ұлт жады, 3(1). https://www.ult-zhady.kz/index.php/journal/article/view/244