РАЙМЕ МУЛЛИНАНЫҢ ӨМІРІ МЕН ҚЫЗМЕТІ: ДЕРЕКТАНУ ТАЛДАУЫ
Кілт сөздер:
Қырым, қырым татарлары, қырымтатар интеллигенциясы, Қазақ КСР-і, Райме Муллина, архивтік құжаттар, эвакуация, депортацияАңдатпа
Мақалада ашық архивтік деректерге, бұқа ралық ақпарат құралдарының материалдарына, тарихи дереккөздер мен энциклопедиялық еңбектерге сүйене отырып, Райме Муллинаның Қырым мен Қазақ КСР -індегі еңбек және шығармашылық қызметі сипатталады. Белгілі болғандай, Ұлы Отан соғысы және оның салдары адамдар мен тұтас халықтардың тағдырына әсер етті – олардың кейбірі эвакуацияланды, ал басқалары Сібірге, Оралға және Орта Азия республикаларына күштеп қоныс аударылды. Сол кезеңде қырым татарлары да қуғын-сүргінге ұшырап, арнайы қоныстарға жіберілген халықтардың қатарында болды. Олардың басым бөлігі Өзбек КСР-інде қоныстандырылса, кейбір топтары Орал мен Қазақ КСРінің әртүрлі аймақтарына орналастырылды. Қазақстан Республикасының архивтік материалдарына сүйене отырып, мәдени - ағартушылық салада із қалдырған қырымтатар интеллигенциясы өкілдері туралы бұрын беймәлім болған деректер анықталды. Мақалада әсіресе Райме Муллинаның депортация жағдайында қырым татарларының рухани мұрасын сақтаудағы және дамытудағы рөліне ерекше назар аударылады.Жүктеулер
Жарияланды
2026-01-01
Журналдың саны
Бөлім
Мақалалар
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
РАЙМЕ МУЛЛИНАНЫҢ ӨМІРІ МЕН ҚЫЗМЕТІ: ДЕРЕКТАНУ ТАЛДАУЫ. (2026). Ұлт жады, 16(2). https://www.ult-zhady.kz/index.php/journal/article/view/402