ЖЕРГІЛІКТЕНДІРУДЕН БАС ТАРТУ «ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ КІШІ ҚАЗАН» РЕВОЛЮЦИЯЛЫҚ САЯСАТЫН КҮШТЕП ЖҮЗЕГЕ

Авторлар

Кілт сөздер:

Қазақстан, «Кіші Қазан», ұлттық саясат, жергіліктендіру

Аңдатпа

1920-1930 жылдары Қазақстанда басқару және қоғамдық өмірдің барлық салаларында титулды ұлттың рөлін күшейтуге бағытталған жергіліктендіру (қазақтандыру) саясаты жүргізілді. Б ұл саясат кеңес өкіметінің ұлттық саясат саласындағы кең ауқымды стратегиясының бір бөлігіне айналды. Қазақстан - көпұлтты республикалардың бірі ретінде – осы саясатты іске асырудың тәжірибе алаңы болды. Зерттеу мақсаты мен міндеттері: жергіліктендіру саяс атының алғышарттарын, мақсаттарын және іске асыру әдістерін зерделеу; қазақ интеллигенциясы мен өлкелік партия басшылығы арасындағы қайшылық себептерін анықтау; жергіліктендіру саясатының тоқтатылу себептері мен салдарын талдау. Нәтижелер. Зерттеу барысынд а Қазақстандағы жергіліктендіру саясатының алғышарттары, мақсаттары, әдістері мен ерекшеліктері анықталды: бұл саясаттың жүзеге асырылуы қайшылықты сипатта болды – ұлттық дамуды ресми түрде қолдай отырып, кеңестік билік оны идеология шеңберінде бақылауға ж әне шектеуге ұмтылды; өлкелік партия ұйымындағы қарсылықтың себептері мен сипаты анықталды: ұлттық кадрлардың жергіліктендіру мақсаттары мен жүзеге асырылу әдістеріне қатысты ұстанымдары «ұлтшылдық» көрінісі ретінде бағаланды; жергіліктендіру мен кейінгі с аяси қуғын -сүргін арасындағы байланыс анықталды: «Кіші Қазан» саясаты аясында кеңес үкіметіне қарсы саяси қарсыластар анықталып, жаппай қуғын-сүргінге ұшырады; 1920 -1930 жылдардағы жергіліктендіру саясаты аясында қазақ халқы елеулі шығындар мен жарақаттарғ а ұшырады, олардың салдары ұрпақтан ұрпаққа жалғасып отыр; тарихи жады бұрмаланды – ондаған жылдар бойы ұлттық болмыс, мәдениет, дәстүр мен тілді ұстанған қуғын - сүргінге ұшыраған қайраткерлердің үлесі айтылмай келді, бұл олардың тарихтағы рөлін әділ бағала удың жоғалуына әкелді. Қорытынды. Жергіліктендіруды зерттеу мемлекеттік құрылым мен мәдени әртүрлілікті сақтау арасындағы тепе -теңдіктің маңызын, сондай -ақ көпэтносты қоғам жағдайында ұлттық бірегейлікке құрметпен қарау қажеттігін түсінуге мүмкіндік береді.

Жүктеулер

Жарияланды

2026-01-01

Журналдың саны

Бөлім

Мақалалар

Ұқсас мақалалар

21-30 тен 107

Бұл мақала үшін Кеңейтілген нұсқалар бойынша ұқсас мақалаларды іздеу.