САЯСИ ҚУҒЫН-СҮРГІН ҚҰРБАНДАРЫ МЕН ЗАРДАП ШЕККЕНДЕР БОЙЫНША ТАРИХИ ДЕРЕКТЕРДІ ЖИНАҚТАП, ЖҮЙЕЛЕЙТІН «E-MEMORY» ЦИФРЛЫҚ ДЕРЕКҚОРЫ

Авторлар

Кілт сөздер:

саяси қуғын -сүргін, құрбандар, тарихи әділеттілік, ақтау, e - memory сайт

Аңдатпа

Бұл мақалада «e -memory» интернет -порталының құрылуы, мақсаты және оны Қазақстандағы саяси қуғын -сүргін құрбандарының бірыңғай дерекқоры ретінде дамыту үдерісі қарастырылады. Портал Мемлекет басшысының 2020 жылғы №456 Жарлығы негізінде құрылған Саяси қуғын - сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі Мемлекеттік комиссияның тапсырмасымен әзірленді. Жобаның басты міндеті – Қазақстандағы саяси қуғын -сүргін құрбандары туралы тарихи деректерді бір порталға жинау, Комиссия жұмысының ғылыми - ақпараттық сүйемелдеуін қам тамасыз етуге және қоғам, зерттеушілер мен мемлекеттік институттар арасындағы ашық өзара әрекет алаңын қалыптастыруға бағытталған ашық, қолжетімді цифрлық платформа қалыптастыру. «e-memory» интернет -порталының мақсаттары, құрылымы , негізгі бөлімдері, ақпар ат көздерінің құрамы, дерекқорды қалыптастыру , деректерді тұрақты толықтыру, функционалдық мүмкіндіктері талданады. «e -memory» цифрлық платформасының тарихи жадыны жаңғырту ісіндегі рөлі мен қоғам үшін маңызы талданады. Сонымен бірге 1920 –1950 жылдардағы с аяси репрессиялар тарихын заманауи цифрлық әдістер арқылы зерделеудің мүмкіндіктері сипатталады. Мақалада дерекқорды толықтырудың үздіксіз жүріп отыратыны көрсетіледі. Автор сонымен бірге порталдың болашақтағы даму бағыттарын - ақпараттық интеграцияны кеңейту, халықаралық тәжірибені пайдалану, жасанды интеллект технологияларын қолдану арқылы платформаның ұзақ мерзімді даму перспективасы көрсетіледі. «e-memory» жобасы Қазақстан қоғамында тарихи әділеттілікті қалпына келтіру, саяси қуғын -сүргін құрбандарының есімдерін қалпына келтіру және ұлттық тарихи жадыны сақтау ісіне маңызды үлес қосатын цифрлық алаң ретінде бағаланады және стратегиялық маңызын көрсетеді.

Жүктеулер

Жарияланды

2025-01-01

Журналдың саны

Бөлім

Мақалалар

Ұқсас мақалалар

21-30 тен 128

Бұл мақала үшін Кеңейтілген нұсқалар бойынша ұқсас мақалаларды іздеу.