СОВЕТТІК ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ИСЛАМДЫҚ ҚАСИЕТТІ ЖЕРЛЕР: АТЕИСТІК ШАБУЫЛ МЕН ҮГІТ-НАСИХАТ
Кілт сөздер:
ислам, атеизм, ишанизм, исламдық қасиетті жерлер, діни дәстүр, үгіт-насихат, діни басқармаАңдатпа
Кіріспе. Мақалада Советтік Қазақстандағы коммунистік партияның исламдық қасиетті жерлерге қатысты ұстанымдары мен оған қарсы әрекеттері қарастырылады. Атеистік идеология үстемдік еткен қоғамда дінге сенушілердің қасиетті жерлерді зиярат ету дәстүріне байланысты мем лекеттің көзқарасы теріс болғаны белгілі. Өйткені атеистік қоғам құруды жоспарлаған большевиктердің жолына дінді өміршең етіп тұрған діни дәстүрлер де үлкен кедергі болды. Бірақ большевиктер сол өздерінің атеистік жоспарына сай қимылдады. Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Қазақстанда советтік билік пен коммунистік партияның дінге және мұсылмандардың исламдық қасиетті жерлерді зиярат ету дәстүріне деген принциптері және қарсы үгіт -насихатын ашып көрсету және талдау. Советтік Қазақстандағы қасиетті жерлердің жағдайын, аталған діни дәстүрдің қаншалықты зиян көргенін және өміршеңдігін саралау. Нәтижелер. Қасиетті жерлерге баратын дінге сенушілерді тоқтату үшін мемлекет бар күшін салды. Коммунистік партия тарапынан жаппай үгіт-насихат жұмыстары ұйымдастырылды. К ейбір қасиетті жерлер мемлекеттің қарауына алынып, ол жерлер түрлі мақсаттарда қолданылды. Мемлекет кейбір қасиетті жерлерде тіпті атеистік музейлер құруға талпынды. Ал, кейбір киелі мекендер жабылып, ол жерге сенушілердің келуіне тосқауыл жасалды. Қорытынды. Әрине атеистік қоғам құруға бар күшін салған коммунистерге өз мақсатына жету оңай болған жоқ. Мемлекеттің де дінге, қасиетті жерлерге деген шабуылы әр кезеңде әртүрлі болды. Шабуыл қатты болып тұрған кезеңдерде қасиетті жерлерді зиярат етуді тоқтатқан халық, дінге қатысты саясат жұмсарған кезеңдерде киелі мекендерді зиярат ету дәстүрін қайта жандандырып отырды.Жүктеулер
Жарияланды
2025-01-01
Журналдың саны
Бөлім
Мақалалар
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
СОВЕТТІК ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ИСЛАМДЫҚ ҚАСИЕТТІ ЖЕРЛЕР: АТЕИСТІК ШАБУЫЛ МЕН ҮГІТ-НАСИХАТ. (2025). Ұлт жады, 13(3). https://www.ult-zhady.kz/index.php/journal/article/view/367