ГОСКОЛОНИТ- КЕҢЕСТІК ОТАРЛАУДЫҢ НЕГІЗГІ ҒЫЛЫМИ МЕКЕМЕСІ
Кілт сөздер:
кеңестік отарлау, Госколонит, Қазақстан, қоныс аудару саясаты, ғылыми негіздеме, индустрияландыру, демографиялық өзгерістерАңдатпа
Бұл мақалада 1920–1930 жылдардағы Қазақстандағы Кеңес өкіметінің отарлау саясатын ғылыми негіздеумен айналысқан Мемлекеттік отарлау ғылыми -зерттеу институтының (Госколонит) рөлі қарастырылады. Жоспарлы көші -қон және аумақтық игерудің идеологиялық аспектілері зерттеледі. Мақсаттар мен міндеттер. Зерттеу Госколониттің Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық құрылымына әсерін, сондай -ақ бұл процестердің халыққа тигізген салдарын талдауға бағытталған. Кеңестік отарлаудың қосарлы сипаты, яғни инфрақұрылым мен өнеркәсіп дамуының жағымды тұстары мен дәстүрлі өмір салтына келтірілген зияны қарастырылады. Материалдар мен әдістер. Архив құжаттары, тарихи зерттеулер және заманауи ғылыми еңбектер негізінде талдау жасалды. Кеңес дәуіріндегі жоспарлы құжаттар, есептер мен статистикалық мәліметте р зерттелді. Нәтижелер. Госколонит көші -қон саясатын қалыптастыруда шешуші рөл атқарды, алайда бұл саясат этнодемографиялық құрылымның өзгеруіне, көшпелі мәдениеттің жойылуына және саяси қуғын-сүргінге алып келді деген тұжырымға келеміз. Қорытындылар. Кеңестік Қазақстандағы отарлау саясаты ұзақ мерзімді әлеуметтік -экономикалық және саяси салдарға ие болды. Күштеп ұжымдастыру дамығанымен, халықты мәжбүрлі қоныстандыру мен этнодемографиялық өзгерістер әлеуметтік дағдарыстарға әкелді. Бұл зерттеу кеңестік аумақтық саясаттың тарихи бағасын қайта қарау қажеттігін көрсетеді.Жүктеулер
Жарияланды
2025-01-01
Журналдың саны
Бөлім
Мақалалар
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
ГОСКОЛОНИТ- КЕҢЕСТІК ОТАРЛАУДЫҢ НЕГІЗГІ ҒЫЛЫМИ МЕКЕМЕСІ. (2025). Ұлт жады, 12(2). https://www.ult-zhady.kz/index.php/journal/article/view/355