ТҮРКІСТАН МҰХТАРИЯТЫ (АВТОНОМИЯСЫ) – «АЛАШТЫҢ» ІРІ ЖОБАСЫ
Кілт сөздер:
Алаш, Түркі автон омиялары, Түркістан, Түркістан мұхтариаты, ұлт-азаттық қозғалыс идеологиясыАңдатпа
Мақалада 1917 жылы қыркүйекте «Алаш» көсемдерінің бастамасымен Орынборда өткен қазақ, башқұрт және Түркістан тұрғындары өкілдерінің басқосуында талқыланған жекелеген түркі автономиялары немесе біртұтас федерация құру мәселелері қарастырылды. Жоғарыда атал ған мәжілістің мәселелер тізімінде Қазақстан, Башқұрт және Түркістан әлеуетті автономиялар, яғни тәуелсіз егеменді мемлекеттер ретінде көрінді. Түптеп келгенде 1917 жылы Алаш автономиясы мен Түркістан Мұхтариятының (автономиясының) құрылуына әкелген бұрынғ ы Дала және Түркістан өлкелеріндегі ұлт -азаттық қозғалыстың идеологиясы зерттеліп, 19 ғасырдың 60-жылдарының ортасында пайда болған Сібір зиялылары арасында Сібір аймақшылдығы қоғамдық -саяси қозғалысының саяси бағытымен негізінен үндес болды. «Шығыс Ресей дің мұсылман мемлекеттері» картасынан бұл мемлекеттерге Ұлық Ұлысының (немесе Жошы Ұлысының) территориясын ғана алып қоймай, сонымен бірге сол түркі рулары мен тайпаларының барлығын, яғни қазақтарды (қырғыздармен бірге), татарларды, ноғайларды, башқұрттарды, түрікмендерді және басқа халықтарды қамтуы тиіс екені анық.Жүктеулер
Жарияланды
2025-01-01
Журналдың саны
Бөлім
Мақалалар
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
ТҮРКІСТАН МҰХТАРИЯТЫ (АВТОНОМИЯСЫ) – «АЛАШТЫҢ» ІРІ ЖОБАСЫ. (2025). Ұлт жады, 12(2). https://www.ult-zhady.kz/index.php/journal/article/view/351