АЛАШ ПАРТИЯСЫ ЖӘНЕ БҮКІЛРЕСЕЙЛІК ҚҰРЫЛТАЙ ЖИНАЛЫСЫ

Авторлар

  • Хан Сұлтан Автор

Кілт сөздер:

Бүкілресейлік Құрылтай жиналысы, Қазақ ұлттық құрылтайы (съезі), Алаш қозғалысы және партиясы

Аңдатпа

Революциядан кейінгі Ресейдің өкілетті органы – Бүкілресейлік Құрылтай жиналысы 1917 жылы қарашада сайланды және революциядан кейінгі Ресейдің мемлекеттік құрылымын анықтау үшін 1918 жылы қаңтарда шақырылды. Мәжілісті шақыру Уақытша үкіметтің басты міндеттерінің бірі болды. Алайда, Құрылтай жиналысын барынша қысқа мерзімде шақыруы жоспарланғанымен ол 9 айға созылды. А.Н.Бөкейхан бастаған қазақ ұлттық зиялыларының үлкен тобының 1917 жылдың 16 наурызындағы Минскіден жолданған жеделхатына сәйкес, қазақ халқы «Алаш» қа йраткерлерінің басшылығымен Бүкілресейлік Құрылтай жиналысына сайлауға тыңғылықты дайындалды. Барлық қазақ өлкелік және бір шілдедегі жалпықазақ құрылтайдың қаулылары біркелкі болды және Ресейді Демократиялық Федеративтік Республика деп жариялау туралы үндеумен алдағы шақырылымға жіберілді. Бұрынғы Ресей империясының барлық отаршыл халықтары сияқты қазақ халқы да, оның басшылары да Құрылтай жиналысы олардың өз тағдырын шешуге және ұлттық мемлекеттілігін жаңғыртуға ажырамас құқығын м ойындайды деп, үлкен үміт артты.

Жүктеулер

Жарияланды

2025-01-01

Журналдың саны

Бөлім

Мақалалар

Ұқсас мақалалар

1-10 тен 155

Бұл мақала үшін Кеңейтілген нұсқалар бойынша ұқсас мақалаларды іздеу.