АЛАШ ПАРТИЯСЫ ЖӘНЕ АЛАШ ОРДА КЕҢЕСІН ҚОЛДАУШЫЛАРҒА ҚАРСЫ САЯСИ ҚУҒЫН-СҮРГІН
Кілт сөздер:
«Алаш» республикасы, Алаш-Орда Халық Кеңесі (Үкіметі), «Алаш» партиясының жетекшілеріАңдатпа
Мақалада «Алаш» республикасы күшпен жойылып, оның Алаш-Орда Халық Кеңесі (Үкіметі) таратылғаннан кейінгі кезеңдегі большевиктердің «Алаш» партиясының мүшелеріне, оның белсенділері мен серіктестеріне қатысты қызметі мен саясаты талданады. 1920 -1930 жылдардағы «Алаш» қозғалысы мен партиясының жетекшілері және олардың серіктеріне қарсы негізсіз, РСФСР Бүкілресейлік Орталық Атқару Комитетінің 1919 жылғы сәуірдегі «Кеңес өкіметіне қарсы қолдарына қару алып күрескен белгілі қазақ қайраткерлеріне , А. Бөкейхановтың тобын қоса рақымшылық жасау туралы» декретіне қарамастан, аяусыз қуғын-сүргін шаралары белсенді қолданылды және жүзеге асырылды. Кремльдегі Орталық билік және оның Қазақстандағы оккупациялық басқармасы, Казақстандағы Казақстан Коммунистік партиясының өкілдігі – ВКП(б) «Алаш» республикасының жоғарғы басшылығына – Алаш-Орда мен «Алаш» партиясының мүшелеріне қатысты өздерінің қуғын-сүргін саясатын жүргізді. Ондай саясат іс жүзінде, ұлттық республиканы оккупациялауды ң алғашқы күндерінен -ақ басталған болатын. Өйткені б ольшевиктер Семей (1922), Ташкент (1924), Қызылорда (1925-1927) және басқа қалалар мен елді мекендердегі «Алаш» қайраткерлерін жоюды ал дын ала жоспарлап қойған . «Алаш» партиясы мен Алаш -Орда кеңесіндегі жолдастары мен серіктеріне жаппай қуғын-сүргі шарларын қолдану 1928 жылдың қазанында басталған болатын.Жүктеулер
Жарияланды
2025-01-01
Журналдың саны
Бөлім
Мақалалар
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
АЛАШ ПАРТИЯСЫ ЖӘНЕ АЛАШ ОРДА КЕҢЕСІН ҚОЛДАУШЫЛАРҒА ҚАРСЫ САЯСИ ҚУҒЫН-СҮРГІН. (2025). Ұлт жады, 11(1). https://www.ult-zhady.kz/index.php/journal/article/view/338