ДАЛА ГЕНЕРАЛ-ГУБЕРНАТОРЛЫҒЫНАН МЕМЛЕКЕТТІК ДУМАҒА САЙЛАНҒАН ДЕПУТАТТАРДЫҢ ҚОҒАМДЫҚ РӨЛІ: БИЛІК ПЕН ҚОҒАМ АРАСЫНДАҒЫ ДИАЛОГ

Авторлар

  • Жұматай Самат Автор

Кілт сөздер:

Ақмола облысы, Семей облысы, дала генерал - губернаторлығы, Ресей Мемлекеттік Думасы, депутаттар, жергілікті элита, қуғын-сүргін

Аңдатпа

XX ғасырдың басында халқының негізгі бөлігін қазақтар құрайтын дала генерал-губернаторлығының жергілікті элитасы империяның 183 саяси жүйесіне белсенді қатыса бастады. Бұл үдерістің жүзеге асуына патша әкімшілігі ерекше қызығушылық танытты. Патша үкіметі қоғам мен билікті байланыстыратын саяси тетіктер құруды ұйғарды. Нә тижесінде Мемлекеттік дума шақырылды. Мемлекеттік дума билік пен халық арасындағы тиімді диалог орнатудың негізін қалады. Дала генерал-губернаторлығынан сайланған депутаттар жаңа саяси жүйенің жұмыс істеуіне өз үлесін қосты. Олар жергілікті қазақтардың әле уметтік- тұрмыстық мәселелерін жоғарғы билік органдарында шешуге ықпал етті. Депутаттар билік құрылымындағы қоғамның айқын өкілдері ретінде танылды. Дала генерал -губернаторлығынан сайланған депутаттардың ұлттық құрамы әртүрлі болды. Олардың арасында орыстар , қазақтар және казактар бар еді. Бұл өзгеріс әкімшілік аймақты мекендеген әртүрлі этностардың жекелеген мәселелерін бірізді шешуге мүмкіндік берді. Бұл мақалада қазақтар арасынан сайланған Мемлекеттік дума депутаттарының қызметіне тарихи талдау жасалды. С онымен қатар, депутаттардың қоғам мен билік арасындағы тиімді диалог орнатудағы саяси рөліне ғылыми баға берілді.

Жүктеулер

Жарияланды

2024-01-01

Журналдың саны

Бөлім

Мақалалар

Ұқсас мақалалар

41-50 тен 125

Бұл мақала үшін Кеңейтілген нұсқалар бойынша ұқсас мақалаларды іздеу.