ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ 1928-1932 ЖЫЛДАРДАҒЫ ХАЛЫҚ КӨТЕРІЛІСТЕРІ МЕН НАРАЗЫЛЫҚТАРЫ

Авторлар

Кілт сөздер:

халық көтерілістері, наразылықтар, Қазақстан, ОГПУ, модернизация, Аралтөбе көтерілісі, көтерілісшілер, босқындар

Аңдатпа

Мақалада автор Қазақстандағы ХХ ғ. 20 -ж. соңы мен 3 0-жж. басындағы халық көтерілістері мен наразылықтарының тарихын зерттейді. Мақалада 1928 жылғы Аралтөбе селосындағы көтерілістен басталған халық көтерілістері мен наразылықтарының мерзімдік шеңбері 1928 -1932 жылдар деп айқындалады. Архивтік деректер мен жарияланған еңбектердегі сандық мәліметтерге талдау жасау негізінде автор 82 1928 ж. көктемінен 1932 ж. бірінші жартысына дейін Қазақстанда 543 халық көтерілісі мен наразылықтар болып, оған 100 мыңға жуық адам қатысты деп есептейді. Мақалада халық көтерілісте рі мен наразылықтарына қатысушылар келесідей наразылық қозғалыстарының түрлеріне қарай үш топқа топтастырылған: шаруалар көтерілістері мен наразылық қозғалыстары (шаруалар мен халықтың барлық дерлік әлеуметтік топтары қатысқан көтерілістер мен басқа да қар сылық қозғалыстары, кулактар көтерілісі); жұмысшылардың ереуілдері; босқындардың қарулы қарсылықпен және наразылықтармен астаса жүрген мәжбүрлі көші -қоны (соның ішінде республиканың шекаралас аймақтарындағы наразылық қозғалыстары және т.б.).

Жүктеулер

Жарияланды

2023-01-01

Журналдың саны

Бөлім

Мақалалар

Ұқсас мақалалар

11-20 тен 108

Бұл мақала үшін Кеңейтілген нұсқалар бойынша ұқсас мақалаларды іздеу.

Осы автордың (немесе авторлардың) ең көп оқылатын мақалалары