ҒҰМЫРНАМАЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕРДІ ТАРИХНАМАЛЫҚ ТАЛДАУ (БІРІМЖАНОВТАР ӘУЛЕТІНІҢ МЫСАЛЫНДА)

Авторлар

Кілт сөздер:

дерекнама, жаңа ғұмырнамалық тарих, зиялылар, Бірімжановтар, ұжымдық тарих, тарихи персоналистика

Аңдатпа

Қазіргі отандық тарих ғылымында ғұмырнамалық тарихтың танымалдылығы мен өзектілігі оның мықты сараптамалық әлеуеті мен жеке тұлғаның әлеуметтік тарихпен етене жақын өмір тәжірибесіне ғылыми қызығушылықтың артуымен байланысты. Ғұмырнамалық тарих әдісі ұрпақтар тарихын әлеуметтік ортамен, оның мәдени және интеллектуалдық салт - санасымен, қоршаған ортаның түрлі көріністерімен қарым -қатынасымен өзара байланыста қарастыруға мүмкіндік береді. Басты саяси тұлғалардың өмірбаяндарынан көлеңкеде қалып, басты деп есептелінбеген тарихи тұлғалар галереясына ығысуы қазіргі тарих ғылымында зерттеудің ең сұранысқа ие бағыттарының бірі болып табылады. Жаңа ғұмырнамалық тарих ҰЛТ ЖАДЫ Республикалық ғылыми журнал 2023, №3 (4) 151 әдістерін қолдану әлеуметтік және саяси контекстің толық бейнесін, тұлғаның өмір жолын қалпына келтіруге мүмкіндік туғызады. Бірімжановтар отбасының өмірбаяны – бұл билік пен әлеуметтік функцияларды атқарған классикалық ақсүйектер отбасының микро тарихы. Отбасы ұзақ уақыт бойы Торғай өңірі қазақтарының шаруашылық, сот және саяси мәселелерін шешуде әлеуметтік кепілгер ретінде әрекет етті. Мақалада ғұмырнамалық зерттеулерге теориялық-тарихнамалық талдау жасап, Бірімжановтар әулетінің мысалында жаңа ғұмырнамалық әдістері арқылы аталмыш отбасы өмірінің кейбір кезеңдері қарастырылады.

Жүктеулер

Жарияланды

2023-01-01

Журналдың саны

Бөлім

Мақалалар

Ұқсас мақалалар

31-40 тен 78

Бұл мақала үшін Кеңейтілген нұсқалар бойынша ұқсас мақалаларды іздеу.