АЛАШ ЗИЯЛЫЛАРЫНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ ҚЫЗМЕТІ (СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ӨҢІРІ МЫСАЛЫНДА)
Кілт сөздер:
Алаш, Алаш Орда қайраткерлері, Кеңес Үкіметі, қаулы, қуғын -сүргін, тұлға, зиялы қауым, рухани мұра, құжатАңдатпа
Кіріспе. Қазіргі уақытта Мемлекет басшысы Қасым -Жомарт Тоқаевтың 2020 жылдың 24 қарашасындағы «ХХ ғасырдың 20 -50 жылдар аралығындағы саяси қуғын -сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссия туралы» Жарлығы аясында құрылған жұмыс тобы, әсіресе ғалымдар тарапынанқомақты жұмыс атқарылып, айтарлықтай нәтижесін берді. Жылдар бойы архив қорларында сақталған көпшілікке беймәлім құжаттар жинағы томдап жарық көрді. Бұл қыруар шаруаны атқарған жұмыс тобының алдында Кеңестік кезеңде РКФСР құқықтық кодексінің «кеңеске қарсы» баптары бойынша сотталған адамдардың «істерін» қайта қарау мәселесі тұрды. Саяси көзқарастары үшін айыпталғандардың көпшілігі «контрреволюционерлерге» жатқызылып, олар көбінесе 58 -баппен айыпталды, ұзақ жылдарға бас бостандығынан айрылып, ату жазасына кесілді. Мақсаты мен міндеттері. Солтүстік Қазақстан өңірінде қызмет еткен Алаш қайраткерлерінің өмірі мен қызметі, рухани мұрасы туралы неғұрлым терең зерттеу жұмысын жүргізу, архив, кітапхана қорларында шоғарланған материалдарды іздеу, сұрыптау, саралау және зерделеу арқылы ғылыми айналымға енгізу. Нәтижелер. Қазақстанның солтүстік өңірінен шыққан қайраткерлердің ішінен Мағжан Жұмабаев, Айдархан Тұрлыбаев, Ережеп Итбаев, Жұмағали Тілеулин, Салмақбай Күсемісов, Хайретдин Болғанбаев, Әбдірахман Байділдин, Таутан Арыстанбеков, Смағұл Сәдуақасов т.б. есімін ерекше атап кетуге болады. Сондықтан, Қазақ елінің тәуелсіздігі мен ұлтының азаттығы үшін күрескен арыстардың сол кезеңде барлық мәселеде белсенділік танытқаны туралы мақалада баяндалады. Қорытындылар. Комиссия жұмысының барысында архив қорларында сақталған істерді жан -жақты зерделеуде, бұл «істердің» көбі бұрмаланған, азаматтарға нақақтан жала жабылған болып шықты; тіпті сотқа тартылмаса да және ресми түрде жазаланбаса да, елдің көптеген әлеуметтік тобының өкілдері зардап шеккен деп есептелуі қажет. Солардың ішінде тәуелсіздік үшін күрескен Алаш арыстарының жеке істерін жан-жақты қарап, ақтау бойынша ізденіс жұмыстарын жүргізу, сараптамалық қорытындылар жасау және ұсынымдарды беру аса маңызды болып табылады.Жүктеулер
Жарияланды
2023-01-01
Журналдың саны
Бөлім
Мақалалар
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
АЛАШ ЗИЯЛЫЛАРЫНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ ҚЫЗМЕТІ (СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ӨҢІРІ МЫСАЛЫНДА). (2023). Ұлт жады, 5(3). https://www.ult-zhady.kz/index.php/journal/article/view/269